Ниет тазалығы – ізгілік бастауы

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4 | 5  >  >>

ынша түсінік айтуын тексеру.
Мәтін бойынша сұрақтарды талқылау:
Өлеңнен қандай ой түйдіңіздер?
Адам қай уақытта арманына жетеді?
Ниет ,ықылас,пейіл деген сөздерді қалай түсінесіздер?
Ниет тазалығы дегенді қалай түсінесіздер?
Ниет тазалығын сақтау үшін адамның бойында қандай қасиеттер болу керек?
Сіздер үшін ниет тазалығының қанша маңызы бар?
Ескерту
3. Дәйек сөз.
"Қай істің болсын өнуіне үш түрлі шарт бар.
Ол әуелі ниет, күш, тәртіп керек" М. Әуезов
Балалар дәйексөзді ұлдар боп, қыздар боп хормен айтайық.
Балалар дәйексөздің мағынасын қалай түсінесіздер?
Осы дәйексөзді дәптерге жазып алыңыздар


4. Әңгiмелеу (сұхбат) Жауапкершілік жүгі
Аңыз әңгіме
Ерте ерте ертеде ақшасы мен дәулетінің көптігіне қарамай өмірінен түңіліп,өмір сүруден жалыққан бір ханзада болған екен. Достары іні-бауырлары аңшылыққа шығып қыдырып жүргенде жаңағы ханзада бөлмесінен шықпай ешнәрсеге қызықпайтын болады. Баласының мұндай жағдайын көрген әкесінің жүрегі ауырады.
Бір күні хан сол елдің ең білімді ғұламасын шақырып жағдайды түсіндіріп баласының дертіне бір дауа табуын бұйырады. Ойлануға бар жоғы бір апта беріледі. Осы уақыт ішінде ешқандай шешім табылмайтын болса,ғұламаның өміріне қиянат жасалынатынын ескертеді.
Қария күн демей түн демей ойланса да ешбір амал таба алмайды. Ханның сөзін ескеріп өлкеден қашып кетуді жоспарлайды. Жакындарымен қоштасып, жиған - тергенін арқасына артып кетіп бара жатып бір ауылдың маңайында қоймен қозы бағып жүрген жас қойшы көреді. Онымен біраз әңгімелеседі.
Қойшы "Аға аз уақытқа қойларымды бағып берсеңіз. Түскі асымды алмай шығыппын үй жаққа барып соны ала келейін деп едім"дейді.
Ғұлама біреуге болсын, жақсылығым тисін деген шын ниетім

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4 | 5  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: