Мекебаева Фарида Нурмановна
149 "Қызылту" орта мектебінің өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі
Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, Жақаев ауылы
Ниет тазалығы - ізгілік бастауы
Сынып: 10 "Б"
Құндылық: Дұрыс әрекет Қасиеттер: жауапкершілік, әділеттілік, ұстамдылық.
Сабақ мақсаты: - оқушыларға ниет тазалығының ізгіліктің бастауы екенін ұғындыру арқылы дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу;
Міндеттері:
Білімділік- оқушыларға ниет тазалығының аса маңызды екенін және оған адам мүмкіндіктерімен жауапкершілік ,ұстамдылық қасиеттері арқылы қол жеткізетіні туралы түсініктерін кеңейту.
Дамытушылық- Оқушыларды ниет тазалығын қадірлеп, бағалай білуге баулу арқылы, жауапкершілік қасиетін дамытуға ықпал жасау;
Тәрбиелік- оқушыларды жауапкершілікке , әділеттілікке, ұстамдылыққа тәрбиелеу.
Ресурстар:
(құралдар,
мәлiметтер)
оқулық, дәптер.
Сабақтың барысы
1. Ұйымдастыру кезеңі:
а) Оқушылардың сабаққа қатысуларын және оқу құралдарын тексеру.
ә) Оқушыларды түрлі түсті лента арқылы үш топқа бөліп аламын.
Қызыл түс-"Жауапкершілік"
Жасыл түс- "Әділет"
Сары түс- "Ұстамдылық"
5Т ережесін еске түсіру.
1. Тәртіп сүйіспеншілік
2. Талап
3. Тыныштық
4. Тазалық
5. Татулық
Тыныштық сәтi.
"Нұрға бөлену"
Ыңғайланып отырып, денелеріңізді тік ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолдарыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.
Елестетіңіз, күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді,
Страницы: 1 | 2 | 3 > >>