Зат есім туралы түсініктерін қалыптастыру. Кім?, Не?, Кімдер?, Нелер? сұрақтарына жауап беруге үйрету. Табиғаттың жанды дүниелері туралы түсінік беру.
Дамытушылығы: Оқушылардың құстар туралы түсінігін дамыту. Баланың ойлау қабілетін дамыту, сөздік қорын молайту
Тәрбиелігі: Дамыту ойындарын пайдаланып еңбектенуге, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Түзету мақсаты: Сөздік қорын дамыту.
Саб әдісі: Сұрақ-жауап, көрнекілік, әңгімелеу.
Саб көрнекілігі: жанды денелердің суреттері
Саб барысы:
Ұйымдастыру кезеңі:
1. Тіл,ерінге арналған жаттығулар.
"күрекше", "ат шауып келеді", "тәтті шырын", "алтыбақан", "сағат
2. Дауыс жаттығулары.
3. Тыныс алу жаттығуы.
Балалар жан-жақтарына қараңдаршы не көріп тұрсыңдар?
-тақта, терезе, парта, есік, айна т. б.
Осыларды бір сөзбен не деп атаймыз?
4. Заттың атын білдіретін сөздерді зат есім дейміз. Зат есім Кім?, Не? Кімдер?, Нелер? сұрақтарына жауап береді.
Оқушыларға зат есім кең, өте бай болып келетінің аңғарту үшін мынадай тапсырма беріледі. Мысалы: құрылысшы, сәби, кітап, үй, жаңбыр, найзағай, қой, торғай.
Әр балаға берілген тапсырма бойынша зат есімдерді топтастыру.
1. Тапсырма. Адамға қатысты атаулар: көрші, құрылысшы, сәби, оқушы, дәрігер, малшы т. б.
2. Тапсырма: Нақты заттар: терезе, шкаф, кітап, тақта, қалам,
3. Тапсырма: құбылыс аттары: жаңбыр, боран, сел, дауыл, тасқын, жел, қар, найзағай т. б.
4. Тапсырма: жануарлар аттары: қасқыр, түйе, сиыр, қой, жылқы т. б.
5. Тапсырма: өсімдіктер аттары: өрік, алма, арпа, бидай, жолжелкен, қияр т. б.
Табиғаттың жанды денелері туралы түсінік.
Өсімдіктер, жануарлар, адамдар - табиғаттың жанды денелері. Олар көбейеді, қоректенеді, өседі, тіршіліг
Страницы: << < 1 | 2 | 3 | 4 > >>