МКҚК 23 "Балауса" МДҰ
"Наурызым-ырысым!
Дайындаған: Тапаева Г. Х.
Ақтөбе 2018 жыл
Тақырыбы: "Наурызым-ырысым!"
Мақсаты: Наурыз мейрамы туралы түсініктерін тереңдету.
Б. М: Халқымыздың ұлы мейрамы - Наурыз тойы туралы балалардың білімдерін кеңейту. Қазақтың ұлттық салт-дәстүрлері мен әдеп ғұрпымен таныстыру
Д. М: Балалардың ойлау, қабылдау, шығармашылық қабілеттерін дамыту. Грамматикалық талғада жүйелі сөйлеуге, тілін жаттықтыру, әртістік қабілеттерін дамыту.
Т. М: Мерекелік көңілін көтеру, елге деген сүйіспеншілікпен бірге, салт-дәстүрді құрметтеуге тәрбиелеу.
Залға атпен шауып бала кіреді (күй ақырын ойнап тұрады)
Азиз:
Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар!
Естімеген естіңіздер!
Тыңдамаған тыңдаңыздар!
Ауылда той басталды!
Тәрбиеші:
Жер әлемді жайнатып,
Әнші құстарды сайратып,
Наурыз тойын тойлатып,
Ұлыстың Ұлы күні келді, ағайын!
Той кұтты болсын! Ақ мол болсын!
Құрметті қонақтар, ата-аналар, балалар бүгінгі Кірпішті елді мекені "Балауса" балабақшасында Наурыз мейрамына арналған "Наурызым-ырысым!" атты ертеңгілігімізді бастауға рұқсат етіңіздер! (музыка ырғағымен балалар залға кіреді)
Наурыз айы жүректерге нұр сепкен,
Мандайымнан сүйіп жатыр нұр көктем
Жарығымен, шуағымен Күн - Ана
Алып келдің жер бетіне нұр көктем!
Ұлыстың ұлы күні құтты болсын!
Қазақ халқының күнтізбесі бойынша Наурыз мерекесі көктеммен бірге келеді. Өйткені көктемде жер дүние жасарып, жаңарады, өмірге қайта келеді. Осы тіршілікпен бірге, адамдардың да өмірі жандалады, жайнай түседі. Олай болса, бүкіл тіршілік атаулыны жаңартып, жақсартқан Наурызға шын ниетпен "Қош келдің, Әз Наурыз!" деп атайық.
Страницы: 1 | 2 | 3 > >>