Наурызым ырысым

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4  >  >>


Балалар хормен: "Қош келдің, Әз Наурыз!"
Тәрбиеші: "Нағыз қазақ қазақ қазақ емес, нағыз қазақ домбыра" днмнкші Ұлыстың ұлы күнін, яғни төл мейрамымызды қазақ халқының ұлттық биі "Домбыра" биімен ашқымыз келіп отыр.
Би: "Домбыра биі"
Жүргізуші: Балалар біздер Ұлыстың ұлы күні жеті түрлі дәм салып Наурыз көже пісіретін, ақ бата беріп,шашу шашатын кім екенін білесіздерме?
Балалар: Қыдыр Ата мен Наурыз әже!
Қыдыр Ата: Армысыңдар халайық! Ұлыстың ұлы күні құтты болсын!
Әже: "Наурыз келсе, құт келгені, халайық!"
Есік ашып, шашу шашып,
Ел боп қарсы алайық! (музыка ойнап тұрады, отырған қонақтарға шашу шашады)
Жүргізуші: Қош келдіңіздер! Ортаға жайғасыңыздар, бүгін біздің Кірпішті елді мекеніүлкен той болғалы жатыр, бізбен бірге тойлаңыздар! Ал балалар Наурыз мерекесіне арналған өлең жолдарыңды тыңдайық.
Балалардың Наурыз мерекесіне өлең жолдары:

Сабина:
Осыншама жақсылық
Алып келген Наурызым
Төрлет бізге нұр беріп,
Шуақ шашып ақ жүзің.
Әсел:
Ұлыс күні қазан толса,
Ол жылы ақ мол болар.
Ұлы кісіден бата алсаң,
Сонда олжалы жол болар.
Серікболсын:
Ашылды да кебеже,
Дәм әзірлеу басталды.
Әжем наурыз көжеге,
Жеті түрлі ас салды.
Дулыға:
Наурыз келді еліме,
Наурыз келді жеріме,
Байлық, бақыт тілеймін,
Бүкіл қазақ еліне.
Асылзат:
Наурыз келді құт болып,
Мына бізге сүт болып,
Аққа аузымыз толады,
Бар жақсылық болады.
Дамир:
Наурыз тойы әдемі,
Әжем еске түсірді.
Біздерге арнап әдемі,
Наурыз көже пісірді.
Еркеназ:
Кел балалар ойнайық,
Наурыз тойын тойлайық,
Баянды боп мереке
Қыр гүліндей жайнайық.
Бейбарыс:
Құрт бауырсақ ш

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: