ашылып,
Наурыз тойы ашылсын.
Бір-біріне мына жұрт
Көрімдігін асырсын.
Айару:
Күттіріп келген жыл басы,
Бізбен бірге жырлашы.
Дастарханға елімнің
Береке ырыс сыйлашы.
Мерей Төлегенова:
Ой, халайық, халайық
Әсем әнге салайық
Наурыз тойын көнілді,
Бірге қарсы алайық.
Кәусар:
Осыншама жақсылық
Алып келген Наурызым
Төрлет бізге нұр болып
Шуақ шашып ақ жүзің.
Омар:
Бәйшешек гүл ашады,
Мұздар сайға қашады.
Суға толып өзен көл
Кемерінен асады.
Бектас:
Наурыз шаттық әніміз,
Салтанатты сәніміз
Ән саламыз бәріміз,
Би билейміз бәріміз.
Жанайым:
Сәнді көктем нұрымен,
Наурыз тойы жырымен
Көңіл гүлдей жайнасын,
Наурыз той тойлансын.
Жанель:
Наурыз келді тамаша,
Ән айтамыз таласа.
Атам, әжем той тойлап
Қуанып жүр балаша,
Би билейміз тамаша!
Назерке:
Осыншама жақсылық
Алып келген Наурызым
Төрлет бізге нұр беріп
Шуақ шашып ақ жүзің.
Жүргізуші: Ой жарайсыңдар балалар.
Ән: "Ақ тілек"
Жүргізуші: Халқымыздың ұлттық өнерінің бір керемет түрі бұл айтыс. Наурыз мейрамында ақындар айтысы болып отырған. Ақындар жақсылық пен жамандық, суық пен жылының күресін жырлаған. Бұл өнер бүгінгі ұрпақ бойында да өз жалғасын табуда. Осындай тамаша өнерді жалғастыру өз парызымыз деп түсінген кішкентай айтыскерлерімізді қошеметпен қарсы алайық.
Айтыс:
Иса:
Халықтық мейрам тойында,
Кім айтысар менімен.
Айтыс айтыс болады,
Айтысқанда теңіңмен.
Мерей:
Айтыс айтыс болады,
Шықса ақын теңімен
Шешен болсаң көрейін
Айтысып көр менімен.
Иса:
Бес нәрседен қашық бол
Бес нәрсеге асық бол!
Қоса алдың ба мән беріп
Қанша болды санап
Страницы: << < 1 | 2 | 3 | 4 | 5 > >>