Қызылорда облысы Арал ауданы Жақсықылыш кенті
19 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі
Сейтова Айгерім
19. 03. 2015 жыл Тәрбие сағаты
Тақырыбы: «Наурыз - жыл басы»
Мақсаты: Оқушыларға Наурыз -жыл басы, ұлт мейрамы екендігін, тарихи
маңызын түсіндіру. Ата-бабамыздың ұрпақтан ұрпаққа беріліп
келе жатқан ұлттық тәрбиесі туралы түсінік беру.
Көрнекілігі: нақыл сөздер, «Ұлыстың ұлы күні құтты болсын!» қанатты сөздер.
Сабақтың барысы:
Мұғалім: Құрметті ұстаздар, ата-аналар, оқушылар! Қазақ халқының тұрмыс-тіршілігінде, әдет-ғұрпында ерекше орын алатын, ертеден тойланып келе жатқан мейрамның бірі- Наурыз. Наурыз-қазақтың ұлттық мейрамы.
22 наурызда күн мен түн теңеледі, қыс өтіп, көктем келеді. Тіршілік басталады. Қазақ халқы үшін үлкен мейрамы-жаңа жыл болып саналған.
Гүлзат: Тыңдаңыздар! Тыңдаңыздар!
Ұлыс тойы басталды!
Наурыз тойын көтеріп,
Жар салайық әлемге!
Кемел: Жазира жазға жол ашып,
Қыс қарын қуған мен көктем.
Бәйшешек көзін жаңа ашып,
Түседі сулап нұр көктен.
Жүремін көкте ән салып,
Наурыз тойын қарсы алып,
Құрметіңе, қасиетіңе бас идім!
Рахмет саған, Көктем!
Мұғалім: Қайда жүр екен Күн мен Түн.
Теңеліп алып екеуі,
Қандай тілек білдірер?
Күн мен Түн: Біз мұндамыз! Жылына бір рет келмейміз, біз күндіз-түні қасындамыз!
Күн: Сәлем саған, жас Наурыз!
Аспаннан төгіп күн нұрын,
Жарыққа кенелтем жердің жүзін.
Қызу еңбек қайнатам,
Асыр салып баланы да ойнатам.
Адамдардың атқаратын қызметін
Қадағалап отыру менің міндетім.
Әр күніміз сәтті болсын демекпін!
Қыдыр ата қолдасын,
Жақсылыққа, табыстарға жолдасын!
Түн: Сәлем бердік, жыл басы, Наурыз, саған!
Қызметім менің күннен кем ем
Страницы: 1 | 2 | 3 > >>