НАРМАНБЕТ ШЫҒАРМАЛАРЫНЫҢ ЖАРИЯЛАНУЫ ЖӘНЕ ЗЕРТТЕЛУІ

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>

НАРМАНБЕТ ШЫҒАРМАЛАРЫНЫҢ ЖАРИЯЛАНУЫ ЖӘНЕ ЗЕРТТЕЛУІ
Жабыменен жарысып,
Наданменен алысып,
Қиналып өтті - ау есіл жас!
Енді өзіңе ие бол,
Адасқанға жүйе бол,
Сөзіңе зорлық қыла алмас.
Н. Орманбетұлы

ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиетінің ақтаңдақ беттерін халқымыздың рухани игілігіне айналдыру ісі бүгінгі әдебиеттану ғылымында жақсы жолға қойылып отыр. Шындығында, сол кезеңнің әдеби мұраларын ұлттық көзқараспен қайта екшеп, жұрыс сараптау бүгінгі ұрпақтың абройлы міндеті болып отырғаны ешкімге жасырын емес. Әдебиет тарихындағы рухани ордалы олжамыздың олқы тұсын орнықтыру, теперіш көріп теріскей, тасада қалып келген жақтарын толықтыру ұлы міндет болып отыр. Бұндай істердің барлығыда ұлт әдебиетін ұлықтау ауданында жасалған ізгі қадамдар болып табылады. Сондай берекелі істің нәтижесінде Абай дәуірінің ақтаңдағы болып табылған Шәкәрім, Ахмет, Жүсіпбек, Мағжан, Міржақып сынды алаш арыстары әдеби ортамызды толтрып отыр. Олардың есімі мен істерінің әдбиетімзге қайта оралып, тұғырын табуы егеменді ел әдебиеті үшін зор мәртебе.
Десек те, төл әдебиетіміздің зерттелу тарихында сан түрлі пікірлер қатығысына түсіп, шығармашылық қырлары толықтай ашылып болмаған өнер майталмандары, тұғырлы тұлғаларымыз баршылық. Оның ішінде қаза қоғамының саяси да рухани да толқымалы тұсында тағдыр кешкен, алмас тілді, асыл жырлы ардақты да асқаралы ақынымыз Нарманбет Орманбетов деп айтсақ асқақ сөйлегеніміз емес.
Алмас тілді, орақ ауыз ақынның әдеби мұрасы жөнінде тұңғыш ғылыми пікір білдірген ғалым М. О. Әуезов еді. Біртуар ғалымның 1923-24 жылдары жазған "Қазақ әдебиетінің қазіргі дәуірі" атты еңбегі қазақ әдебиеттану ғылым үшін жаңа бір қадам, жасампаз төңкеріс болды. Танымал зерттеуші А. Бабашов М. Әуезовтің нарманбеттану ісіндегі

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: