Абилов Қ. С.
Батыс Қазақстан облысы
Казталов ауданы
Жалпақтал балалар өнер мектебі
Көркем сурет сыныбының оқытушысы.
Құмыра мен алма, алмұрттан құрылған натюрморт жазу.
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Оқушыларды 2-3 нәрседен құралған натюрмортты бейнелеуге үйрету. Натюрморт туралы түсінік беру.
Заттың жалпы формасы мен түстік қарама - қарсылық заңына үйрету.
Дамытушылығы: оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру,
бояумен жұмыс жасау машығын дамыту
Тәрбиелігі: оқушыларға эстетикалық талғам қалыптастыру. Төзімділікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Затқа қарап сурет салу,
Сабақтың әдісі: баяндау, көрсету, практикалық жұмыс
Көрнекілігі: сурет кезеңдері салынған плакаттар,т. б көрнекіліктер.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру бөлімі:
1. Оқушылармен амандасу, түгендеу.
2. Құралдарын тексеру,сабаққа дайындықтарын қарау.
3. Өткен сабақты қайталау (сұрақ - жауап арқылы)
4. Жаңа сабақты түсіндіру.
Жаңа сабақты түсіндіру:
Жаңа сабаққа кіріспе:
Өнердің ең құнды түрінің бірі - бейнелеу өнері. Бұл өнер адамның көркемділік ойлау қабілетін дамытып, қызығушылығын арттырады. Сендер өмірге суретші көзімен қарай бастайсыңдар. Жай адам көзіне түсе бермейтін әсемдікті көресіңдер. Бейнелеу өнері дегеніміз не?
Айналамызға өмір көріністерін жазықтықта, әрі кеңістікте бейнелеу
арқылы суреттейтін өнер түрі.
Бейнелеу өнерінің қанша түрі бар? Қайталап еске түсірейікші.
Кескіндеме.
Графика.
Мүсін.
Сәулет өнері.
Сәндік қолданбалы өнер.
Дизайн өнері.
Ал, енді, балалар алдарыңда тұрған заттар жиынтығы бейнелеу өнерінің қай жанрына жатады? Кескіндеме өнерінің натюрморт жанры. Кескіндеме өнерінің портрет, пейзаж, натюрморт т. б. жанрлары б
Страницы: 1 | 2 | 3 > >>