рамыз. - Ендеше балалар қоянды әндетіп шақырайық. -"Қояным - ау, қояным шыға ғой" (әндетіп шақырады бірнеше рет қайталайды. ) Музыка жетекшісі терезені ашады, ішінен ойыншық қоянды алып шығарады.
Музыка жетекшісі: Сәлеметсіз бе қоян! Саған не болды? Дірілдеп тұрсың ғой? (қоянды құлағына тақап тыңдайды, басын шайқап бірнеше секунд тұрады). - Сайқымазақ, сен білесің бе қоянға бүгін не болғанын? Балалар қоян қандай оқиғаға тап болғанын сайқымазаққа айтып берейік. "Қоян шықты ойынға" орыс халық санамағы. Қимылды ойын: 1, 2, 3, 4, 5. ( балалар шапалақтайды. ) Қоян шықты серуенге. ( Марш екпінімен жүреді. ) Аңшы шықты алдынан. (Қолдарымен мылтықты көрсетеді. ) Көздеп атты қоянды. (Жоғары, жан - жағына атқанын көрсетеді. ) Тах - тах. (Саусақтарын шайқап көрсетеді. ) Тимеді. Қоян қашты секіріп. ( Балалар секіреді. )
Сайқымазақ: Жарайсың қояным, жылдам екен аяғың. Музыка жетекшісі: Біздің қоян әнді де, биді де жақсы көреді екен. Бірақ бүгін шаршап тұрғасын балалар біз өзіміздің күзгі әнімізді орындап берейік. Ән "Алтын күз"
Музыка жетекшісі: Түш - ш балалар сендердің әніңізді тыңдап, қоян ұйықтап кетіпті оның шаршағаны көрініп тұр. Мен қоянды жайлап үйіне жатқызайын. (жәй дауыспен ) - Балалар бүгінгі оқу іс - әрекетіміз аяқталды. Сендерге ұнады ма? (балалардың жауабы) Сайқымазақ: Бүгін балалар маған да сендердің жауаптарың ұнады, менде сендерге беретін сыйлығым бар( сыйлықтарын үлестіреді) - Рахмет саған сайқымазақ.
Музыка жетекшісі: Енді балалар қоянды оятып жібермейік аяқтың ұшымен жәйлап тобымызға барамыз. Сау болыңыздар!
Страницы: << < 2 | 3 | 4