лық ойын: "Қатты - жәй" (Сайқымазақ бубенді соғады ) Балалар орындарында тұрып қимыл әрекеттерін орындайды. Музыка жетекшісі: Жарайсыңдар балалар! Сендер қатты және жәйді ажырата білесіңдер екен. - Ал енді екінші терезеге барайық. Бұл ғажайып үйшіктің терезесін қағайық. (Қоңырауды қағады, бірақ үні шықпайды) - Балалар мына терезе жұмбақ арқылы ашылады
Жұмбақ: "Ұзын - қысқа бойлары. Бір - біріне ұқсайды. Алты апалы сіңілі. Бір - бірінен қалмайды" Бұл не балалар? - Матрешка қуыршағы Музыка жетекшісі: Ия балалар бұл орыс халқының қуыршақ матрешкасы
Кәне кім маған терезені ашуға көмектеседі? (Терезе ашылып ішінен матрешка қуыршақты шығарады, бірінің ішінен бірін шығарып балаларға көрсетеді). Музыка жетекшісі: - Балалар мына биік қуыршақ - жоғарғы дауыспен әндеткенді жақсы көреді, ал аласа қуыршақ - төмен дауыспен әндеткенді жақсы көреді. Сендер тыныш отырып тыңдаңдар қай қуыршақтың әнін естіп тұрсыңдар маған айтып беріңдер.
Музыка жетекшісі пианинада "Қуыршақ" әнін I - октавада орындайды. (балалардың жауабы) II - октавада әнін орындайды. (балалардың жауабы) Сайқымазақ: Балалар сендер бәрін білесіңдер ғой! Музыка жетекшісі: Міне сендер өз білімдеріңмен екі терезені аштыңдар. Ал енді балалар музыкалық үйшіктің үшінші терезесінде кім тұрады екенін табайық? Балалар мен сендерге бір аңның әуенін орындап беремін сендерге таныс ән болса шешуін табасыңдар. "Сұр қоян" әуенін орындайды - Сұр қоян
Музыка жетекшісі: Дұрыс балалар, кім шығып қоңырауды соғады? (Қоян шықпайды) Сайқымазақ:- Қоян неге шықпай тұр, мен оны қазір шығарамын. - Қоян (дауысын шығарып айқайлайды) Музыка жетекшісі: Сайқымазақ осылай айқайласаң қоянды қорқытасың. Балалар қоян қандай аң? - Қорқақ - Қоянды қалай шақырамыз? - Жәйлап, нәзік дауыспен шақы
Страницы: << < 1 | 2 | 3 | 4 > >>