Музыка сабағының түрлері

Страницы: <<  <  3 | 4 | 5 | 6  >  >>

абағының өзіндік ерекшелігіне байланысты іс-әрекеттер мен жұмыстар жүргізіледі. Дәлірек айтқанда өткенді қайталау, үй тапсырмасын тексеру кезінде дауыс жаттықтыру, үйренген әндерді қайталап айту, өткен сабақтағы тыңдаған музыкалық шығарманы қайталап тыңдау практикалық түрде жүргізілетін болса, жаңа тақырыппен жұмыс кезінде де осы іс-әрекеттер бойынша жаңа материалдармен жұмыс жүргізіледі. Әрбір музыкалық шығарманың алдында кіріспе әңгіме жүргізілуі арқылы жаңа музыкалық шығармаға түсініктемелер беріледі. Кіріспе сабақ, түсіндіру, қайталау, жаттығу әдістері музыканың әр сабағында үнемі қолданылып отырады.
Сабақты бекітуде мұғалім оқушыларды қатыстыра отырып, тыңдаған музыкалық шығармалар, үйренген әндер, музыка сауаты бойынша алған білімдерін қайталап сұрау арқылы, олардың қаншалықты түсініп, есте сақтағандарын сұрақ-жауап арқылы, әндерді қайталап айтып,музыкалық шығармаларды қайталап тыңдау, музыкалық терминдерді, ноталарды қайталау арқылы пысықтайды.
Сабақты қорытындылауға мұғалімнің өзінің сабақ тақырыбы бойынша шолып түсіндіріп шығуы жатады. Сабақтың әр кезеңінде таныстырған музыкалық материалдарды анықтап қайталап шығады.
Сабақты қорытындылау кезінде оқушылардың алғаш білімдерінің деңгейі ескеріліп, олардың алдағы сабақтарға деген қызығушылығын ынталандыру мақсатында жүреді.
Дәстүрлі емес сабақтар
Музыкалық концерт сабақтар әрбір тоқсан соңында үйренген әндерді айтып, пысықтау ретінде жүргізіледі. Немесе бір жанрлық музыкаларға арналған болуы мүмкін, мысалы лирикалық әндер,патриоттық әндер, аналарға арналған, би жанрына және басқа көптеген тақырыптарға негізделуі мүмкін.
Экскурсия сабақтар да осындай тақырыптар бағытында, ноталарға саяхат, композиторлар шығармаларына байланысты олардың туған елдеріне саяхат ретінде өткізуге болады, м

Страницы: <<  <  3 | 4 | 5 | 6  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: