Музыка сабағындағы пәнаралық байланыс

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4  >  >>

лып жасөспірімдердің музыка әлеміне, оның терең де сырлы, сиқырлы түбіне бойлай түсу үшін көркем суреттің әсері бар.
Көркемсурет адамның көзбен көруі арқылы сезіміне әсер етеді, әр түрлі бояулары, оның мазмұны, адамды толғандырып түрлі ой салады. Өйткені, тарихты зерттеу кезінде, өткен тарихымызды біз тек сурет, мүсін арқылы танып білеміз. Өткен тарихи өмірімізді археологиялық қазбалардан табылған мұрағаттардағы суреттерден, қолжазбалардан қарап болжау арқылы тарихшылардың сараптауы арқылы білеміз. Ал көркемсуреттің негізгі әсері музыкалық шығарманы насихаттауға қосымша құрал ретінде пайдалануға болатындығы.
Мысалы, қазақ халқының ұлттық музыкалық өнерінде жар-жар, сыңсу, жоқтау тағы да басқа әдет-ғұрыптарда айтылатын музыкалық жанрлар осы халықтың өмірімен, тарихымен тікелей байланысты. Әрине, біз мұның бәрін тек көркемсуретте ғана емес,спектакльдерде, операларда, балеттерде, көркем фильмдерде көріп келеміз. Көркемсурет өзінің мағынасымен, мәнімен, көркем бояуларының дұрыстығымен тарихи ескерткіштерді насихаттаудың бір құралы болып есептеледі.
Қандай музыкалық шығарма болмасын адам тарихымен байланысты десек, бастауыш сыныптарда таныстырылатын музыкалық шығармалардың, әндердің, күйлердің шығуына себепкер өзіндік тарихын оқушыларға түсіндіру кезінде музыка сабағын тарих(ғылымына) пәнімен тығыз байланыстырамыз. Мысалы, Құрманғазы күйлерімен таныстыру кезінде ұлы күйші өмір сүрген заман тарихына көз жүгірте отырып, оның әр шығармасының шығу себебі туралы міндетті түрде кіріспе, талдау әнгімелері жүргізіледі. Сондай-ақ, "Елім-ай" әнінің шығу тарихына тоқталсақ, қазақ халқына " Ақтабан шұбырындыға" ұшырап, 1723жылдардағы жоңғар шапқыншылығынан көрген қорлығы,Халықтың елінтастап шұбыра көшуі туралы түсінік беріледі. 4-сыныпта осы тақырыпт

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: