салы, түнгі аспан (түнгаспан), қайда қалып (қайдағалып),т. б осындай көптеген тіл пәнімен байланыстың болатындығын байқауға болады. Ал үйретілетін әннің сөзінің мазмұнын түсіндіре отырып, мәтіннің ұйқасын, құрылысын меңгертуде, оның музыкамен қандай байланысы бар екендігін сезіндіру кезінде әдебиет пәнімен тығыз байланыстырамыз.
Қазақ ауыз әдебиетінің ежелгі авторлары, әдеби мұраны ұрпақтан-ұрпаққа ұластырушылар ақпа ақын-жыраулар мен жыршылар болған. Кішігірім лирикалық, шешендік, сықақ мәнді өлеңдерден бастап, эпикалық поэмалар мен дастандарға дейін ақындар қолма-қол шығарып, сол жырлармен өздері естіген мол мұраларды сан жылдар жадында сақтап, өңдеп, дамыта жырлап, сол өнерін қаннаттас ақын-жыршыларға жеткізіп отырған.
Бұл ақындар, жыршылар мен жыраулар шығармашылығындағы репертуар алмасу немесе мұра мен мұрагерлік болса, осы мұраларды жасөспірімдерге жалғастыру мақсатында терме, толғау, эпостық жырлармен таныстыру музыка сабақтарында жүзеге асырылады. Мысалы, 3-сыныптан бастап "Алпамыс батыр" жыры, Бұқар жырау, Базар жырау толғаулары, Жиенбай, Нұртуған, Нартай, Тұрмағамбет, Махамбет термелері, халық термесі, айтыс түрлері, "Біржан-Сара" айтысы, 4-сыныпта "Қыз Жібек" жырының негізіндегі операмен таныстыру кездерінде халық ауыз әдебиетінің музыка өнерімен тығыз байланысын айқындай түсеміз. Ұлы ақын Абай Құнанбайұлының ақындық шығармашылығымен қатар сазгерлік өнерінен туындаған "Қараңғы түнде тау қалқып", "Айттымсәлем қаламқас", "Желсіз түнде жарық ай", "Көзімнің қарасы" әндерінің мәтіні мен музыкасындағы үйлесімділігі оқушылар санасына жеткізілуі тиіс. Музыканың әдебиетпен, поэзиямен байланысы туралы көптеген мысалдар келтіруге болады.
Музыка сабағының ықпалы тартымды, қызғылықты бо
Страницы: << < 1 | 2 | 3 | 4 > >>