Музыка сабағындағы пәнаралық байланыс
Мектептердегі музыка сабағының жан- жақты жүйелі түрде өтуі үшін музыканың басқа пәндермен тығыз байланысын жымдастыра сапалы етіп өткізу-әрбір музыка пәні мұғалімінің басты міндеттерінің бірі. Қазіргі кездегі оқытудың жаңа кезеңінде, жалпы білім берудің түбегейлі өзгеріп, өз ұлттық өнеріміздің өткені мен бүгінгі дамуын жас ұрпаққа толық беру мүмкіндігіне қол жеткізіп отырған жағдайда музыкалық білім беруді тиімді ұйымдастыру арқылы саналы да, өнерлі, жан-жақты білімді, өз халқының мол мұрасын қастерлеп,жалғастыратын, отанын сүйетін азамат тәрбилеуде айтарлықтай нәтежеге жетуге болатыны сөзсіз. Жоғарыда айтылып кеткендей, ол үшін мұғалімнің жан-жақты білімді, ғылымның әр саласынан-психология, педагогика, тіл мен әдебиет, тарих, философия, әлеуметтану, медицина, көркем өнер мен бейнелеу, т. б хабардар болуы керек. Сонымен қатар мұғалімніңой-өрісі, түсінігі кең болуының арқасында осы аты аталған пәндердің сабақ тақырыбына байланысты, музыкалық шығармаларды тыңдату, әндерді үйрету барысындағы байланысын тиімді қолдана біліп, оқушыларға жеткізе білу әдістерін жүзеге асыру керек.
Музыкалық шағармаларға байланысты кіріспе әңгімелер немесе талдау кезіндегі қойылатын сұрақтарды нақты түсінікті етіп оқушыларға баяндай білу үшін мұғалімнің тіл байлығы, сөйлем құрай білуі тіл пәнімен тікелей байланыста екендігін көрміз.
Қойылған сұрақтарға оқушылардың толық жауап бере білуін талап ету арқылы, олардың тілдерін, сөйлеу мәдениетін дамытамыз. Үйретілетін әндердің сөздерің оқыту,дауысты дыбыстар мен дауыссыз дыбыстарды ережеге сай меңгертуге үйретуде,(дикция мен жұмыста) орфографиялық ережелермен тығыз байланысын көрсетеді. Қатаң дыбыстардың айтылуы, дауысты және дауыссыз дыбыстардың қатар келуіндегі үндестік заңдылықтарды ескеру, мы
Страницы: 1 | 2 | 3 > >>