Ғ. Мүсірепов. «Ананың анасы» әңгімесі

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>

Күні Қазақ әдебиеті 7-сынып
І. Сабақтың тақырыбы: Ғ. Мүсірепов. «Ананың анасы» әңгімесі
ІІ. Сабақтың мақсаты:
1. Сабақтың білімділік мақсаты: жазушының ана туралы шығармасын талдай отырып, кейіпкер ананың бейнесін ашу, ұрпақ алдындағы ана жауапкершілігін таныту;
2. Сабақтың дамытушылық мақсаты: оқушының өз бетінше тұжырым жасау машығын, танымдық белсенділігін дамыту;
3. Сабақтың тәрбиелік мақсаты: жақсылық атаулының ана махаббатынан тарайтынын ұғынып, ананы құрметтеуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, әңгімелеу,ой бөлісу.
Сабақта пайдаланылатын қосымша материалдар:
1. Р. Құтқожина, Қ. Бітібаева, Е. Арын. Әдебиет: Жалпы білім беретін мектептің 7-сыныбына арналған оқулық
2. Р. Құтқожина, Қ. Бітібаева. Әдебиет. Оқыту әдістемесі: Жалпы білім беретін мектептің 7-сынып мұғалімдеріне арналған – Алматы:Атамұра, 2003. – 96 бет
3. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі/Жалпы редакциясын басқарған Т. Жанұзақов. – Алматы: Дайк-Пресс, 2008. – 968 б.
4. «Қазақ тілі мен әдебиеті» , 11, 2011 ж. , 144 бет, Алматы.
Сабақта қолданылатын көрнекіліктер: слайд-шоу, суреттер.
САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ:
І. Үй тапсырмасы тексеріледі.
Тақырыбы: С. Мұқанов «Саятшы Ораз» әңгімесі (Сюжет бойынша салынған суреттер)
ІІ. Үй тапсырмасы қорытылады.
Сұрақтар:
Сәбиттің есінде кім көбірек сақталған?
Ораздың мергендігін жазушы қалай дәлелдейді?
Ораздың жасы алпыстан асса да денсаулығының мықты болуы неге байланысты?
Ораздың достары кімдер?
Екі отбасының өмірі қандай?
Аталған шығармадан қандай ой түюге болады?
ІІІ. Жаңа тақырып түсіндіріледі.
а) Мұғалім сабақтың мақсатын хабарлайды. Әңгімені оқи отырып мазмұндалады, әр абзацтан көркемдегіш тәсілдерге назар аударылады. <

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: