і,
Азған жұртқа тура сен бір ем, дәрі.
Жүгің не он қашырға артып алған,
Немене толып жатқан соның бәрі?
-Ол бір жүк шиыр емес, соны, - деді,-
Бұлардан он есе артық құны, -деді. -
Бұл жерде алушы жоқ, шаршамаймын,
Өткізіп қайтқанда айтам оны, - деді.
Мұнымен шайтан дағы базар барды,
Он бес көлік жүкпенен топты жарды.
Лезде апа-сапа қылды бәрін.
Ұйқы-тұйқы көбейтіп дауды-шарды.
Алдынан алушылар даяр жетті,
Қолдан қолға түсірмей, талап кетті.
Қайтқанда тағы ұшырады рухоллаға,
Мән-жайын саудасының баян етті:
-Бес есек өзді-өзінің орнына өтті,
Жүк еді он қашырда бір ретті.
Артқаным бәріне де тамиғ еді,
Біреуін тілеушілер талап кетті.
Иініне ала қоржын салған алды,
Қайыр сұрап жұрт тиышын алған алды.
Пірге қол берген сопы, бірәдарлар,
Жұрттан пұл жинап, қажыға барған алды.
Бір қашыр жүк бәріне түгел жетті,
Тоғызы өтпей, біраз тентіретті.
Қожа, молда, ишандар елді жеген,
Дағдарып тұрған шақта солар жетті.
Ақсақал, қажы, қожа саттым шалға,
Бейнетпен мал таппаған жүріп жалға.
Қожа, молда көтеріп алды бәрін
Еңбексіз тапқан жұрттан тегін малға:
"Біз үйде қалай шыдап жатамыз,-деп,-
Мұны алсақ, қарық олжаға батамыз,-деп,-
Шайтаннан көтерме алған бұл тамиғты
Қыдырып үйден-үйге сатамыз",-деп.
Бұл пұлмен бірі мешіт салмақ болды,
Бірі мүлгіп ишан боп қалмақ болды.
Біреуде шай, біреуде ет қайнаттырып,
Жұрттан пайда шығарып алмақ болды.
Олардың және айтайын қылған ісін,
Бұлдайды кейбіреуі көн терісін.
Бас-басына бір мүсуәк омырауында,
Егер өткір қылуға тамиғ тісін.
Басына дағарадай сәлде салды,
Жұрт қоршап, "ой, тақсыр" деп ортаға алды.
Түлкінің құйрығындай бұлаңдатып,<
Страницы: << < 14 | 15 | 16 | 17 | 18 > >>