ат-хабар, мақала жіберіп тұрады. Сөйтіп ел арасына кеңінен таралған әрі ақын, әрі газет тілшісі Мәшһүр атанады.
Мәшһүр Жүсіп 1887 - 1890 жылдары Орта Азияның Самарқан, Тәшкен, Бұхара, Түркістан секілді қалаларында болып, білімін жетілдіреді. Араб, парсы тілдерін үйреніп Шығыстың классикалық әдебиетімен жете танысады. Ол осы кезеңдерде белгілі шығыс зерттеушісі, фольклоршы В. Радловпен танысып, ауыз әдебиетінің үлгілерін жинап бастыру жұмысымен айналысады.
Мәшһүр Жүсіп 1907 жылы Қазан қаласындағы Хұсайыновтар баспасында "Хал-ахуал", "Сарыарқаның кімдікі екендігі", "Тірлікте көп жасағандықтан көрген бір тамашамыз" атты кітаптарын бастырып шығарады.
Ақын бұл кітаптарға енген шығармаларында қазақ халқының бостандық аулы, тәуелсіздікке ие болуы, ел ішінде мектеп, медреселер ашу, жер мәселесі, сөз бостандығы сияқты өзекті мәселелерді көтерді. Халық арасына өнер - білімді тарату, халықты алдыңғы қатарлы озық елдер қатарына көтеруді көксеп, ел ішіндегі парақорлық пен пайдалкүнемдік секілді келеңсіз жайларды өткір сынға алды.
Ақын шығармашылығында ағартушылық сарын оның поэзиялық туындыларынан айрықша байқалады. Мұнда ол өз заманының тұрмыс тіршілігіне назар аудара отырып,адам бойына кездесетін теріс қасиеттерді айтады. Мысалы, "Адам екі түрлі" атты өлеңі:
Бір адам бар өрік, мейіз ағаш сықылды,
Жемісінен дүние жүзі баһра алады.
Бір адам бар терек ағаш сықылды,
Отқа отын болғаннан басқаға жарамайды. - жақсылық пен жамандық жайында адамның мінез құлқындағы қасиеттері туралы сөз қозғайды. Адамгершілік мәселелері туралы өлеңдері: "Жалқаулар туралы айтқаны", "Кедей болады кері кеткен ұйқысы мол", "Жеткізер, Құдай пенде қылса талап".
Халық пен заман туралы, өз өмірі
Страницы: << < 9 | 10 | 11 | 12 | 13 > >>