Моңғол империясының ыдырауы нәтижесінде саяси картада қандай өзгерістер болды

Страницы: <<  <  3 | 4 | 5 | 6 | 7  >  >>

Орда Жошы ұлысының орнына құрылған алғашқы және ірі мемлекет;
2. Шығыс Еуропа елдері Алтын Ордаға тәуелді болып, алым-салық төлеп отырды ;
3. Өзбек ханның тұсында Алтын Ордада ислам діні мемлекеттік дін болып жарияланып, мемлекекеттің гүлденген кезеңі болды;
4. Алтын Ордада тұратын моңғолдардың көбі ХІV ғасырға қарай толық түркіленіп, мұсылманға айналды;
5. Азаматтық басқару билігі түрік әулетінен шыққан "мәлік" деп аталған жергілікті әкімдер басқарды;

Т "Кім жылдам" деген ойынды ойнатамын. Топ мүшелеріне негізгі оқиғалар жазылған қиынды парақшалар таратып беремін. Бос орынға тиісті даталарды жазып, оқиғаларды хронология бойынша орналастыру керек. Мысалы;
1. 1227-1255жж
Батый Алтын Орданы биледі:
1255-1266жж
2. Берке хан Алтын Орданы биледі:

3. 1312ж
Алтын Ордада ислам мемлекеттік дін болып жарияланған жыл:
1382ж
4. Тоқтамыс Мәскеуді өртеген жыл:

5. Алтын Ордадағы "Ұлы дүрбелең" кезеңі:
1357-1380жж


Дұрыс әрі тез орындаған топты "Ең ұйымшыл топ" деп марапаттаңыз
Интерпретация
Т "Тұлғаны таны" рөлдік ойынын өткіземін. Алтын Орданың хандары туралы қысқаша деректерді топтарға таратамын. "Мемлекет ханы" өзінің атын атамай, сынып алдында оған қысқаша сипаттама береді. Басқа топтар бұл ханға қатысты сұрақ қою арқылы қай хан екендігін табуы қажет. Қай топ қаншалықты дұрыс жауаптарын тапса, сол топ жеңімпаз болады.
М Алтын Орда мемлекетінің ыдырауы нәтижесінде құрылған мемлекеттер туралы қысқаша айтып, орын алған өзгерістерді көрсету үшін оқушыларға карта арқылы түсіндірме жүргіземін. Ақ Орда, Ноғай Ордасы, Сібір, Қазан, Қырым, Астрахан хандықтары туралы, олардың жер-аумақтарын картадан көрсетемін.

Страницы: <<  <  3 | 4 | 5 | 6 | 7  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: