Модель және модельдеу

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>

Қазақстан Республикасы Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы Ембі қалалық 3 орта мектебінің информатика пәні мұғалімі Тулегенова Гүлнұр Бисембайқызы
Пәні: информатика
Сыныбы: 6-сынып
Сабақтың тақырыбы: "модель және модельдеу"

Жалпы мақсаты: модель, модельдеу, модель түрлерімен таныс болу.
Оқу нәтижесі: күнделікті тұрмыста өздері кездестіретін нысандарға мысал келтіре біледі, модель және модельдеуге мысал келтіріп, талдай біледі. Моделді жіктей біледі. Ақпараттық, таңбалық, компьютерлік модельдерді ажырата біледі.
Түйінді идея: бір - біріне қолдау көрсетеді.
Оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер, оқыту формасы: сыни тұрғыдан ойлауға үйтеретін әдіс-тәсілдер: ассоциация әдісі, "фишбон" әдісі, "галерея" әдісі, жіңішке, жуан сұрақтар.
Барлық оқушыларды сабаққа тарту формасы: жеке, топтық жұмыс.
Пәнаралық байланыс: тарих, математика, география, сурет, технология.
Үйрену барысын бағалау: формативті, жиынтық ( критериалды бағалау).
Негізгі дерек көздер, құрал-жабдықтар: "Информатика 6 -сынып" Е. А. Вьюшкова, Н. В. Параскун, Б. Қ. Әбенов. Компьютерлер, интерактивті тақта, Activote құрылғысы.
Сабақтың жоспары:
І кіріспе бөлім. (5 мин)
1. Тренинг , психологиялық ахуал қалыптастыру.
2. Топқа бөліну.
3. Тест тапсырмаларына жауап беру.
4. Бағалау
ІІ жаңа сабақты түсіндіру бөлімі (10 мин)
5. Тақырыпты ашуға арналған бағыттаушы сұрақтар мен тапсырмалар.
6. Бағалау (жетон тарату)
7. Сергіту сәті
8. Жаңа сабақты түсіндіру.
9. Бейнеролик көрсету (2 мин)
ІІІ негізгі бөлім (25 мин)
10. Оқушыларға тапсырмалар ұсыну (ақпараттық, таңбалық, компьютерлік модель құру)
11. Бағалау
IV қорытынды бөлім. (5 мин)
12. Өзін-өзі бағала

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: