дер программада есімдер бойынша көрсеткіштерге жүгінесіңдер, олармен қандай да бір операциялар жасайсыңдар және т. б. Көрсеткіштің атын беру үшін әріптің, цифрдың, бос орындар мен белгілердің кез келген үйлесімдерін қолдануға болады. Атаудың көрсеткішінде нүктені, леп бергісін, жол үсті таңбаларын, ашылатын және жабылатын квадрат жақшаларды,тік тырнақшалар мен ASCII кодтауында 0-ден 31-ге дейін коды бар басқаратын белгілерлі қолдануға болмайды. Атаудың бос орыннан басталуына жол берілмейді.
Көрсеткіш атымен қоса көрсеткішке Қолтаңба беру керек. Кестенің әр бағанының тақырыбында сендер Қолтаңба қасиетінде терген ақпарат көрсетіледі. Қолтаңба көрсеткіш атауымен сәйкес келуі де мүмкін, келмеуі де мүмкін. Кейде атау үшін жазбаның қысқаша пішімі, ал қолтаңба үшін толығырақ пішімі таңдалады.
Осыған қарап, атау компьютерлік программаны тануы үшін, ал қолтаңба соңғы қолданушыларға көрсеткіш мазмұнының мағынасы түсінікті болуы үшін беріледі десе де болады. Қолаңбаның шектеу өлшемі - 2048 символға дейін.
Міндетті көрсеткіш қасиеті бұл көрсеткішке мәліметтерді енгізу қажеттілігін көрсетеді. Егер бұл қасиет үшін "иә" параметрін көрсетсек, онда қолданушы бұл көрсеткішке мәліметтерді енгізуге міндетті болады, оны бос қалдырмау керек. Мысалы, қызметкерлер туралы ақпараттан тұратын кесте үшін міндетті түрде "тегі" көрсеткішінтолтыру керек. Сауалнама парақшасында міндетті көрсеткіштерді "" жиі белгілейді.
Көрсеткіш пішімі қасметі толтыру барысында және кестелер режімінде қарау кезінде көрсеткіштің мәліметтері қалай көрсетілетінін анықтайды. Мәтіндік көрсеткіштердің пішімі, пішімдеудің арнайы символдары арқылы анықталады. Сандық көрсеткіштер үшін пішімнің мәндерімен ашылатын тізім беріледі. Логикалық көрсеткіштер жағдайында келесі нұсқаны
Страницы: << < 7 | 8 | 9 | 10 | 11 > >>