Мәліметтер қорын басқару жүйесі

Страницы: <<  <  5 | 6 | 7 | 8 | 9  >  >>

ін мәтіндік типті анықтаған дұрыс.
1. Күндерді немесе уақытты енгізуге арналған көрсеткіштер, мысалы, Туған күн көрсеткіштері Дата/ Уақыт типіне ие. Мәліметтерді мұндай типтерімен есептеулер жүргізуге болады. Даталар арасындағы айырмашылықты есептеп, нәтижені сандық пішімде шығаруға болады. Бұл типтің мәліметтерін сақтау үшін 8 байт қалдырылады. Өз мәні бойынша Дата/Уақыт - тұрақталған пішімі бар сандық тип.
Бұл пішімде мерзім Дата/Уақыт типі көрсеткіш мәнінің бүтін бөлігі болып табылады, ал уақыт - оның бөлшектік бөлігі. МҚБЖ-да дата мен уақыттың мәліметтерін бейнелеу үшін ұсынылған бір пішімді (мысалы, қысқа немесе толық ұсыну) таңдауға болады.
2. Логикалық тип. Типтің атауы бойынша мұндай типтің көрсеткішінде қолданушы мәліметтерді тек екі мәнде енгізе алады: "иә" немесе "жоқ".
Кестені толтыру барысында логикалық типтің көрсеткішінде қолданушыға терезе ұсынылады, оған тінтуірді шерту арқылы "қанат белгісі" қойылады (мәнді енгізу нұсқасы "жоқ").
3. Көрсеткіш типі - Ақшалық. Мұндай типтің мәліметтерімен сендер электронды кестелемен жұмыс істеу барысында кездескен болатынсыңдар. Электронды кестелерге ұқсас мәліметтер қоры кестелерінде ақшалық көрсеткіш типінде қолданушы енгізген ақпараттарға алдын ала анықталады. Әдетте, ол үтірден кейінгі екі сан.
4. OLE нысанның көрсеткіші. Ол OLE-нысандарда сілтемелерді сақтау үшін қолданылады. Мұндай түрдегі файлдарға кестелік, мәтіндік процессорларда жасалған дыьыстық файлдар, графикалық файлдар және т. б. жатады. Нысанның өлшемі алдын ала анықталмайды, ол дискідегі бос орынға байланысты болады. Сонымен қатар, нысан типінің қасиеттері де алдын ала көрсетілмиді, себебі, берілген көрсеткішке қандай файлға сілтеме орналасатыны алдын ала белгісіз болады. Берілген

Страницы: <<  <  5 | 6 | 7 | 8 | 9  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: