ды. Телефон нөмері көрсеткішінде цифрлардың тізбегі орналасады,бірақ бұл көрсеткіштің мәліметтерімен қандай да бір есептеулер жүргізудің еш мәні жоқ. Осылайша,осы екі көрсеткіштің мәліметтері ұқсас болып көрінгенімен,мәліметтердің әртүрлі типтеріне жатуға тиіс және әртүрлі қасиеттерге ие болу қажет.
Мәліметтер типтері
Мәліметтер қор кестелерінде мына мәліметтер типтерін қолдануға болады:
1. Мәтіндік көрсеткіш. Мұндай көрсеткіштің мысалы
Тек (адамның аты-жөні деген мағынада ) көрсеткіші бола алады. Бұл көрсеткіштің өлшемі алдын ала анықталмайды. Мәтіндік көрсеткіштің мәліметтерін сақтау үшін жүйе бұл мәліметтерге іс жүзінде қанша орын алатынына байланысты орын бөліп береді. Бұл көрсеткіштегі мәліметтердің ұзындығы255символға дейін болуы мүмкін. Үлкен көлемдегі мәліметтерді сақтау үшін МЕМО көрсеткішін қолданамыз,ол туралы төменде айтамыз.
2. Сандық көрсеткіш. Ол сандық мәліметтерді енгізуге арналған. Таңдалған қасиеттерге байланысты ішкі типтер анықталады. Ішкі типтер Көрсеткіш өлшемі қасиетімен бапталады. Осы қасиеттердің баптауларына мәліметтерді есептеу дәлдігі тәуелді болады. Көрсеткіштің өлшемі 1-ден16 байтқа дейін түрленіп отырады (1,2,3,4,8,12,16 байт). Үнсіз келісім бойынша Ұзын бүтін (Длинное целое) атауы бар өлшем орнатылған,ол 4 байттан тұрады. Мұндай өлшеммен көрсеткішке енгізуге болатын сан 2 147 483 648-ден 2 147 483 647 аралығында орналасады. Көрсеткіштің басқа да өлшемдерін көрсетулеріңе болады:
Байт- 1 байттық өлшем;
Бүтін-2байт;
Жылжымалы нүктесі бар бірлік-4 байт;
Жылжымалы нүктесі бар екілік-8 байт;
Ондық-12 байт;
Репликация коды-16 байт.
Сандық типті тек есептеулер жүргізу жоспарлаған көрсеткіштерге ғана берілетіні түсінікті. Мысалы, Телефон нөмірі көрсеткіші үш
Страницы: << < 4 | 5 | 6 | 7 | 8 > >>