Microsoft Excel программасымен жұмыс

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4  >  >>

дайда, бірінші формуланы көшіріп, қажетті орынға қоюға болады. Сәйкесінше сілтемелерді өзгерте бересіңдер.
Бір шамамен екінші шаманы салыстыру үшін «ЕСЛИ» логикалық функциясын пайдалануға тура келеді. Пайда болған терезеде «Логик. выражен. » атты өріске шартты жазамыз. Қажет болған жағдайда «Значение-если-истина» және «Значение-если-ложь» атты өрістерге мәндер жазамыз.
Бірнеше сандардың ішінен анықталған бір санның қанша рет кездесетінін анықтау үшін, мысалы оқушы бағаларында («2», «3», «4», «5») қай бағадан қанша бар екенін есептеу үшін «Статические» категориясындағы «СЧЕТЕСЛИ» функциясын пайдалану керек болады. Бағалар жазылған ұяшықтар «диапазон», ал саны анықталатын баға «критерий» ретінде пайдаланылады. Мысалы, бір бағанада жазылған бағалардың ішінен «2»-нің санын анықтау үшін «диапазон» өрісіне баға жазылған сілтемені, ал «критерий» өрісіне 2 санын жазамыз.
Бірнеше шаманың орташа мәнін анықтау үшін «Статические» категориясындағы «СРЗНАЧ» функциясын пайдаланамыз.

Тапсырма 1
Машина жасау зауыты өз өнімдерін келісілген баға бойынша өткізіп, өндіріске біршама ақша жұмсай отырып, белгілі бір табыс тапты. Таза пайданың жұмсалған шығынға қатынасын анықтаңдар.
Шешімі.
Есепті қою.
Моделдеудің мақсаты – көп таза пайда табу мақсатында өндіріс процесін және өнімді өткізуді зерттеу. Экономикалық формулаларды пайдаланып пайданың жұмсалған шығынға қатынасын анықтау.
Таза пайда – бұл салықты төлегеннен қалған пайда. Түскен пайдаға салынатын салықты есептегенде оның пайдалылық деңгейіне тәуелділігін ескеру қажет. Атап айтқанда, егер пайдалылық деңгейі 50 пайыздан аспаса, онда кәсіпорын пайдасынан 32 пайыз мөлшерінде салық алынады. Егер пайдалылық деңгейі 50 пайыздан артық болса, онда сәйкес пайда сомасынан 75 пайыз мөлшерінде са

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: