Сабақтың тақырыбы: Microsoft Excel электрондық кестеде формулаларды пайдалану. Microsoft Excel электрондық кесте көмегімен модельдеу
Мақсаты:
а) білімділік - сандық информацияны электрондық кесте көмегімен комьютерде өңдеу принциптерін, формуланы жазу тәсілдерін білу, практикалық тапсырмаларды шешу біліктілігін қалыптастыру.
ә) дамытушылық - программалық қамтамасыз етумен жұмыс істей алу дағдысын, объектінің компьютерлік моделін құру біліктілігін дамыту.
Ойлау қызметінің салыстыру, талдау тәсілдерін жетілдіру.
б) тәрбиелік - құрал-жабдықтарды ұқыпты ұстауға, сабақта назар қойып отыруға, жауапкершілікке, өз бетімен жұмыс істеуге тәрбиелеу.