інеді және бөлінген айлық несие мен айлық пайызы қоса ай сайын банкіге қайтарылып берілуі тиіс.
2-карточка
1500 долларды 3 жылға 12 жылдық пайызбен және жыл өткен сайын өсімшесі 0,3 ке өсіп отыратын болсын. Банкінің шарты: берілген несие жылына (айларға) шағып бөлінеді және бөлінген айлық несие мен айлық пайызы қоса ай сайын банкіге қайтарылып берілуі тиіс.
3-карточка
10200 мың теңгені 3 жылға 11 жылдық пайызбен және жыл өткен сайын өсімшесі 0,9 ке өсіп отыратын болсын. Банкінің шарты: берілген несие жылына (айларға) шағып бөлінеді және бөлінген айлық несие мен айлық пайызы қоса ай сайын банкіге қайтарылып берілуі тиіс.
Ескерту: Негізінен банкілерде жылдық өсімше деген жоқ, біз программа күрделірек болсын деп қана қосамыз, оны сынып деңгейіне байланысты қоспауға да болады.
Үшінші зертханалық жұмыс.
Келесі зертханалық жұмыстың қызықшылығы сол, оқушылар бір-бір дүкеннің иесі болады. Мысалы төмендегідей көрсетіп отырған «Аромат» дүкені. Бұл дүкенде парфюмериялық иіс су, шампун т. б. заттары сатылады. Дүкен иесі (оқушы) 15 күн сайын сатушыларын ауыстырады, сол кезде дүкеніне тіркеу (учет) жасап, келесі сатушыға өткізіп беру керек. Осыған дүкен иесі МS Excel программасында өзіне тиімді программа құруы керек. Мысал ретінде «Аромат» дүкенін көрсетейік, ол үшін «тауар атауы», «қанша дана», «бағасы», «барлығының бағасы», «сатылғаны (дана)», «сатылған бағасы (кассадағы ақша)», «сатылмай қалғаны (дана)», «сатылмай қалғанның бағасы (тауар болып тұрғаны)». Кестедегі қара түспен «қанша дана», «бағасы» ұяшықтарын дүкен иесі қолмен толтырады. Ал барлығының бағасын автоматты түрде есепке қояды, ол үшін «қанша дана» ұяшығы мен «бағасы» ұяшығын көбейтеді. (С7D7) Нәтижесінде бір тауар атауының барлық бағасы және барлық тауар атауының жалпы бағасын білуге бо
Страницы: << < 5 | 6 | 7 | 8 | 9 > >>