Мейірімділік – асыл қасиет

Страницы: <<  <  2 | 3 | 4

ығармашылық жұмыс.
Оқушылар 4 топқа бөлініп, жұмыс жасайды.
1-топ: "Ана" туралы ән айту.
2-топ: Өлең құрастыру.
3-топ: Эссе жазу.
4-топ: Сурет салу.

Топтық жұмыс. Топпен ән айту
1) Жанашырым - ана, дара шыңым- ана
Бар асылым - ана, шуағымсың.
Бағбанымсың - әке, зор бағымсың - әке
Қорғанымсың- әке, шырағымсың.
Қайырмасы:
Ана - аяулым өзіңмен мақтанамын
Ана - мен сені меккеге апарамын
Ана - баланың қолдағың бақ талабын, бұлағымсың.
Әке - бір жылы сөзіңе шаттанамын
Әке - мен сені меккеге апарамын
Әке - биікке самғайды баптағаның, шынарымсың әке
2) Өмір берген маған, көңіл бөлген маған
Сенім берген маған айкүнімсің.
Қамқорларым дана, сүйенішім дара,
Әке менен ана байлығымсың.
Қайырмасы:
Ана - аяулым өзіңмен мақтанамын
Ана - мен сені меккеге апарамын
Ана - баланың қолдағың бақ талабын, бұлағымсың.
Әке - бір жылы сөзіңе шаттанамын
Әке - мен сені меккеге апарамын
Әке - биікке самғайды баптағаның, шынарымсың әке


Үй тапсырмасы.
1. "Мен мейірімділікпен біргемін" тақырыбына эссе жазу.
2. Шығармашылық жұмыс: "Мейірімділік - асыл қасиет" тақырыбына сурет салу.

Сабақтың соңғы тыныштық сәтi.
(Тыныштық. . . бар жерде, тыныштық. . . бүкiл әлемде)
- Енді көзімізді жұмып осы сабақта айтылған ойлар мен істерді ой елегінен өткізіп көрейікші.
- Барлық айтылған жақсы ойларды жүрегіміздің түкпіріне апарып орналастырайық.
- Енді көздеріңді ашыңыздар. Сабақ аяқталды. Бүгінгі күндеріңіз қуаныш әкелсін!






Страницы: <<  <  2 | 3 | 4
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: