Мерейлі отбасы

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>

"Мерейлі Жанысжановтар отбасы"
"Қайнар орта мектебі
мектепке дейінгі шағын
орталықпен"КММ
Технология пәні мұғалімі: Т. А. Абдрахманова

Отбасы - адам үшін ең жақын әлеуметтік орта. Отбасы белгілі дәстүрлердің, жағымды өнегелердің, мұралар мен салт-дәстүрлердің сақтаушысы.
Бүгінде отбасы "жанұя" деген әдемі сөзбен алмастырылып айтылып жүр. "Отан отбасынан басталады" дегендей, сыйластық, жарастық орнаған орта, кішкентай Отан. Адам баласы үшін отбасы - өте қажетті, басқадай еш нарсемен өзгертуге болмайтын құндылық .
Мен бүгін өзім ақ босағасын келін болып аттаған, ата-енеме немере сыйлап ана атанған қасиетті Жанысжановтар жанұясы туралы ой толғағым келеді. Отағасы Жанысжанов Жайлау, ұзақ жылдар ел экономикасына үлкен үлес қосқан бірнеше мәрте ҚССР жоғарғы кеңесіне депутат болған қалаулы азамат. Отанасы - Молдахунова Райхан саналы өмірін қаржы саласына арнап, есепші ретінде Шамалған ауылына, ұзақ жылдар бойы Күрті ауданы Ақши ауылында ауыл шаруашылығына еңбегі сінген. Бүгінде талай жылғы бейнетінің зейнетін көріп, немерелерінің қылығын қызықтап, ұл-қыздарының өсіп- өнген қуанышына куә болған құрметті қариялар.
Отбасылық дәстүрдің ақ таяғын қолына алған жолдасым Жанысжанов Жанат үш баланың әкесі. Экономикалық білім алып ата-ана үмітін ақтап отбасын құрып, баянды тірлік жасап отырған жанұямның тірегі, сабырлы әке, сенімді жар. Сәулет - құрлыс саласында қалтқысыз қызмет атқарған маман. Отбасының қуанышы - дүниеге келген ұрпақ. Бұл орайда әкенің ақылын, ананың нақылын тыңдап өсіп келе жатқан үш ұлымызды айта кеткім келеді. Тұла бойы тұңғышымыз - Темірлан он сегіз жаста , Қайнар орта мектебінің 11 сыныбын биыл аяқтайтын түлектердің маңдай алды үміті. Болашағына үлкен сеніммен қарап техника

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: