Мерейлі отбасы

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3  >  >>

лық маманның иегері болғысы келеді. Ортаншымыз - Ерсұлтан он үш жаста 6 сынып оқиды. Ұстаз алдынан ұстамды өтетін алғыр оқушы. Көп ұзамай дүниеге келген Ерасыл үш жаста. Өзім Абдрахманова Тоғжан Арғынғазықызы отбасылық, аналық міндетіммен қоса үш жоғары білім алып, бүгінде Қайнар орта мектебінде ұстаздық қызмет атқарудамын. Технолог, тарих, құқық және экономика пәні мұғалімі мамандықтары магистры бойынша білімім мен шеберлігімді шыңдап, шығармашылығымның шабыт беруі кәсіптік білім беру мамандығы бойынша тағы білім алып Қайнар ауылындағы орта мектепте технология пәнінің мұғалімі ретінде жемісті еңбек етуіме көп ықпалын тигізді. Мектеп жасындағы қыз балаларды еңбекке баулып, ас пісіру, тігу, кестелеуге үйретумен қатар, заманауи материалдарды қолдану арқылы түрлі бұйымдар жасауға берген бағыт - бағдарым табыссыз емес. Кәсіби өсу жолындағы баянды еңбегім бағаланып, биыл "Ұлағатты ұстаз" төс белгісімен марапатталдым. Бұл қызмет етіп отырған ұжымым үшін ғана емес, алаңсыз еңбек етуіме қолдау көрсетіп, жағдай жасап отырған отбасымның да үлкен қуанышы деп білемін.
Тәуелсіз Қазақстанның іргетасы ғасырлар бойына жалғасқан ең озық отбасылық дәстүрлерді біздің де отбасымыз бойына сіңірген. Отбасымыз бақша өсіру, қолөнермен айналысу сияқты қарпайым қаракеттер арасында ағайын туысқа ақыл-кеңес беру, сүрінгенін сүйреп, құлағанын демеп жіберуге , қуаныш пен жақсылыққа жаршы болып, тума-туыстың арасында дәнекер болуға ұмтылады. Әрқашан да ағайын-туыстың қуанышы мен қайғысына ортақтасып, бел ортасында белсене жүретін отбасымыздың әр мүшесі өздерін бақытты санайды. Әр мүшесі шаңырақ түтінінің түзу шығуына мудделі. Ауыл халқымен, көрші-көлеммен тату, бейбіт қатар өмір сүріп, абырой мен беделден құр алақан қалған емес.
Жанұямызда келін мен ене, ана мен перзент ара қаты

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: