4 сынып
Сабақтың тақырыбы: Мерекелік концерт
Сабақтың мақсаты: мерекелік концертке кім қатысатынын , кімнің не істейтінін айта алуға үйрету.
Күтілетін нәтиже:
Пәндік: мерекелік концерт туралы айта алу; тақырып бойынша белсенді сөздік қорды меңгеру; "Кім қатысады? Кім не істейді?" сұрақтарына жауап бере алу.
Тұлғалық:топтасып жұмыс істеу, жұмысты бөліп жасауға деген қызығушылық қалыптастыру.
Жүйелік - әрекеттік: сабақ барысында меңгерген белсенді сөздік қор мен қарапайым үлгі құрылымдарды өзіне таныс өмірлік жағдаяттарда орындыв қолдана алу.
Құрал - жабдықтар: интерактивті тақта
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
1 слаид
Сәлемдесу
Сұрақтар қою
1)Халдерің қалай?
2)Бүгін желтоқсанның нешесі?
3)Қазір қай жжыл мезгілі?
4)Бүгін ауа райы қандай?
5)Қыста қандай үлкен мерекелер бар?
6)Сыныпта кім кезекші?
- Кезекшімен сұхбаттасу. 2 слаид
Қазақшаға аудар Международный женский день?
День Независимости?
Новый год?
Бірінші ай?
2015 год?
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
3,4,5,6,7 слаидтар
1)Суретке қарап қай мереке екенін айту.
2)Сурет бойынша қонақтарды құттықтау.
ІІІ. Жаңа сабақ
8 слаид
Балалар, мереке көңілді және қызықты өту үшін мерекелік концерт ұймдастырылады.
Сондықтан, бізде мерекелік концерт сабағын өткізгелі тұрмыз. Біздің мерекелік концертімізге қонақтарда келіп қалыпты. .
Сонымен, балалар, біздің сабағымыз Мерекелік концерт деп аталады.
1. Достар, ертең Жаңа жыл мерекесі ғой! Мерекелік концерт болады екен. Кім қатысады? Кім не істейді?
9 слаид.
-Мен ән айтамын.
-Мен сурет саламын.
-Мен домбыра тартамын.
-Мен би билеймін.
Концертіміз жақсы өтетін болдығой!
2. 3 - тапсырма
Страницы: 1 | 2 | 3 > >>