ынды қолдануға, сыныпта не бар екенін айта алуға үйренеді.
(Ж) Осы үлгіні жаттықтыру үшін, оқушылар өзара сыныпта бар/жоқ нәрселерді айтып қайталайды. (МК) 2-тапсырмада берілген үлгі бойынша оқушылар сыныптағы заттарды түсімен атай алуға үйренеді. Оқушылардың жауаптары:
Мынау - үстел. Үстел көк. Мынау - орындық. Орындық қызыл.
Мынау - есік. Есік қоңыр. Мынау - шкаф. Шкаф қоңыр. Осыдан кейін оқушылар тапсырмада берілген заттар бойынша постерлер дайындайды. Яғни бір заттың суретін салып, оны өзі қалаған түске бояйды да, үйренген үлгі бойынша сөйлейді. (МК, Ұ) 3-тапсырма арқылы оқушылар жаңа тақырып бойынша сөйлесу үлгісін бір диалог ішінде қайталайды. Оқушылар мынадай дағдыларды қалыптастыру қажет: мұғалімнің сұрақтарына (Мынау не? Сынып қандай? Сыныпта не бар? Тақта қандай?) жауап бере алу, өзі сұрақ қойып, жауап бере алу. (ОТ) 3-тапсырмада берілген диалог сыныптағы оқушылармен жеке-жеке сыныпта ойналады. Ойын сыныптағы бар затты көрсету арқылы немесе заттардың суреттерін таратып беріп, соңы көрсету арқылы жүргізіледі.
Оқулық
Аудиодиск:
2. 2. 1. 2. 2. 3. 2. 2. 4.
(Ж) 4-тапсырмада оқушылар "Сыныпта" деген тақпақты хормен, топпен, жұппен тыңдайды, қайталайды. Осы тақпақпен жұмысты былай жалғастыруға болады: сыныптағы заттарды санауға болады, мысалы, Неше тақта? Неше үстел? Неше орындық? Неше парта? деп оқушылар санап шығуы керек.
(МК, Ұ) Дәптердегі тапсырмаларды орындау арқылы оқушылар оқулықпен жұмыс барысында алған білімдерін бекіте түседі.
(Ө) Қосымша тапсырма арқылы оқушылар сабақта алған білімдерін бекіте түседі.
Өз бетінше жұмыс істеуге дағдыланады.
1 жұмыс дәптері
Қосымша тапсырма: 2. 2.
Сабақтың соңы (41-45 минут)
(Қ) Сабақты қорытындылау мақсатында мұғалім оқушылармен кері байлан
Страницы: << < 1 | 2 | 3 > >>