Жазу: 14 санының құрамын жаз.
Тірек білім, білік, дағдылар
Ондықтан аттап қосу жəне азайту.
Жоспар
Жоспарланған уақыт (минут)
Жоспарланған іс-əрекет
Қоры
0 - 3
Ынталандыру.
Ауызша есептеу жаттығуларын ұйымдастыру үшін қысқаша жарыс сəттерін қолданыңыз.
Ойша жылдам есептеудің маңыздылығын атап көрсетіңіз. Ауызша есептеу үшін интернет-қорды немесе сандар жазылған қиықшалар мен желпуіштер тəрізді кері байланысты ойындарды қолдануға болады.
1-9 сандары жазылған қиықшалар, сандар жазылған желпуіш.
4 - 6
Белсендіру
11 - 13 сандарының барлық мүмкін жағдайларын қайталаңыз. Санның құрамын білуді қалай пайдалануға болатынын түсіндіре отырып, мысалдар төрттігін келтіріңіз.
Қосу кестесі
7 - 11
Мақсат қою (мəселелі жағдаяттар)
Сынақ тапсырма ретінде 14 санының құрамын шектеулі уақыт ішінде құрастыруды ұсыныңыз. Сабақтың мақсатын қойыңыз:"14 санының құрамын ашу", қосу кестесіндегі осы қатарды толтыру.
12 - 29
Жаңаны ашу.
14 санының құрамын құрастыру тəжірибелік жұмысында үлестірмелі есептеу материалын пайдаланыңыз. Есептеу материалын дайындаңыз , толтырылмаған сан құрамына арналған "үйшіктерді" ұсынады. 14 саны құрамының барлық мүмкін жағдайларын тіркеуді ұсынады. Осыдан кейін өткен сабаққа ұқсас үйренген тəсілін екі таңбалы санға бір таңбалы санды қосуға жəне осыған ұқсас азайту тəсілінеауыстырады.
Түсіндіре отырып алғашқы бекіту.
1 тапсырма бойынша немесе оқушыларға жасалған үлгі: 14 санының құрамына арналған үйшік бойынша түсінік береді немесе санның құрамын жасатады. Қосу жəне азайту тəсілдеріне кеңейтілген түсінікте
Страницы: << < 1 | 2 | 3 | 4 > >>