Менің сүйікті үй жануарларым

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>

Пән: Математика 13-сабақ. 14 санының құрамы.

Тақырыбы: Менің сүйікті үй жануарларым.
Мектеп: "Маяковский атындағы негізгі мектебі"КММ
Күні: 25. 09. 2017
Мұғалімнің аты-жөні: Нуртазина Г. К
Сынып: 2
Қатысқандар саны: 5
Қатысқандар саны: 5
Оқудың мақсаттары
2. 1. 2. 5. бір таңбалы жəне екі таңбалы сандарды ондықтан аттап қосу жəне азайту тəсілін қолданып 100 көлеміндегі сандарды ауызша қосу жəне азайтуды орындау
2. 1. 2. 4. Бір таңбалы сандарды ондықтан аттап қосу кестесін құрастыру, білу жəне қолдану.
Сабақтың мақсаттары
Барлық оқушылар үшін:
14 санын бір таңбалы екі саннан құрау жəне ондықтан аттап қосу жəне азайту тəсілін қолдану, 14 санымен бір таңбалы сандарды ондықтан аттап қосу кестесін жасау.

Бірқатар оқушылар үшін:
14 санының құрамы негізінде қосу жəне азайтуды орындау. Cонымен қатар екі таңбалы санға бір таңбалы санды қосуды жəне осыған ұқсас азайту тəсілін қолдану.

Кейбір оқушылар үшін:
14 санының құрамын екі жəне үш қосылғыштан құрау, қосу жəне азайту амалдарының өзара байланысы негізінде қосу мен азайтуды түсіндіру.
Тілдік мақсаттар
Оқушылар орындай алады:
14 санының бір таңбалы екі санға жіктелуін түсіндіруді.
Пəндік лексика жəне терминология: 14 санының бір таңбалы сандардан тұратын құрамы,қосу жəне азайту компоненттері мен нəтижесі,қосу мен азайтудың байланысы.

Сабақта диалог/жазу үшін пайдаланылатын тіл. Талқылау:


Қандай бір таңбалы екі саннан 14 санының құралатынын айтып бере аласың ба?
14 санының құрамын біле отырып, қосу мен азайтуды қалай орындауға болатынын түсіндіре аласың ба?
68, 168 жағдайында сандарды қалай қосатынын түсіндір.
14 - 7, 24 - 7 өрнегіндегі азайтуды түсіндір.


Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: