Білім беру саласы: "Қатынас"
Оқу іс-әрекеті: Тіл дамыту
Тақырыбы: Менің отбасым
Мақсаты: Отбасы туралы түсінік беру. Өзі жанұясы туралы әңгімелесуге үйрету; үйдегі қауіпсіздік режелерінің негіздерімен таныстыру.
Әдіс-тәсілдері: көрсету, түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелесу.
Көрнекіліктер: отбасы мүшелерінің суреттері, текшелер, үлестірмелі суреттер.
Іс-әрекет кезеңдері Тәрбиешінің әрекеті Балалардың әрекеті
Қызығушылығын ояту және ынталандыру кезеңі "Еркелету" Жылулық шеңбері
Педагог балаларды ішкі және сыртқы шеңберге тұрғызады. Балалар отбасы мүшелері өздерін қалай еркелетіп айтатынын естеріне түсіріп, бір-біріне жылы сөздер сыйлайды.
Жылулық шеңберін жасайды
Ұйымдастырушылық кезеңі 1. "Менің отбасым" тақырыбына әңгімелесу
Балалар, біздің шаттық шеңберіміз киіз үйге ұқсайды. Жоғарыдағы күмбез шаңырақ деп аталады. Шаңырақ - отбасының белгісі. Әр адам, үлкен болсын, кіші болсын өз үйін жақсы көреді, себебі ол үйде оның отбасы тұрады. Отбасы - дегеніміз бір үйде тұратын адамдар тобы. Отбасы мүшелері: әке, ана ана және олардың балалары. Отбасының болуы - үлкен бақыт. Барлығымыз бірге қайталайық.
Отбасы - ол бақыт,
Отбасы - ол ата-ана,
Отбасы - туыстарымыз,
Отбасы - ол шаңырақ.
-Әр адамның өз үйі болады. Онда оның отбасы мүшелері тұрады.
Олар ата, апа, әке, ана, әпке, аға, іні, қарындас т. б.
Суретпен жұмыс. Отбасы бейнеленген суреттен оның мүшелерін айтқызу.
"Менің жанұям" саусақ жаттығу (балалар саусақтарын бүге отырып орындайды)
Бір үйде біз нешеуміз? Кел, санайық екеуміз.
Бас бармағым- әкем, балаң үйрек - апам, ортан терек- ағам, шылдыр шүмек - мен, титтей бөбек сен. Бір үйде біз нешеуміз? Бір үйде біз бесеуміз!
О
Страницы: 1 | 2 | 3 > >>