Сценарий тақырыбы: «Шуағын шашқан-аялы алақан!»
Білімділік: Қыз балалардың жан дүниесіндегі көркемдік талғамын қалыптастыру.
Дамытушылық: Балалардың танымдық және шығармашылық қабілетін, эстетикалық талғамын, шеберлігін дамыту.
Тәрбиелік: Көпшілік алдында өзін – өзі ұстай білуге, әдептілікке, мейірімділікке, сұлулыққа тәрбиелеу.
Әуенмен залға балалар кіреді, қолдарында сыйлықтары болады.
Жүргізуші: Құрметті Ақ жаулықты аналар, сұлу арулар! Сіздер 8- Наурыз аналар күніне арналған «Шуағын шашқан-аялы алақан!» атты мерекелік кешке жиналып отырсыздар. «Ботақан» тобының балаларымен өткізілетін мерекемізге қош келдіңіздер!
Жүргізуші: Олай болса, біздің балалармен бірге дайындаған сыйлықтарымызды қабыл алыныздар!
Жүргізуші:
– Балалар, бүгінгі тақырыбымызға байланысты мен сендерге жұмбақ жасырғым келіп тұр. Шешуін таба аламыз ба?
Бала,бала,бала деп
Түнде шошып оянған
Түн ұйқысын төрт бөліп
Түнде бесік таянған
Бүл кім?
Балалар: Ана,ана,ана.
Жүргізуші:
Тамаша, өнерлі екенсіңдер.Ал балалар сендер үйде ата-аналарыңа көмектесесіңдер ме? Шындарыңды айтыңдар ! Қазір мен аналарыңнан сұраймын.
1. Күні бойы ойнай беретін, ойнап болған соң ойыншықтарын жинауға ерінетін, дым істемейтін, жалқау бала бар ма сіздерде?
Аналары: Жоқ, жоқ!
2. Ал, тәңертең ерте тұрып, мектепке өзі киінетін, үйде анасына көмектесетін әдепті, тәртіпті бала бар ма сіздерде?
Аналары : Бар,бар!
Жүргізуші.:Әріне, бұл біздің аналарымыз. Ана перзент тәрбиелеуші. Ендеше осы асыл аналарымызға арналған балаларымыздың тақпақтарына кезек берейік:
Тақпақтар
1. Әмір Адина Наиль
Әр сөзімді жаттаған, Мені жақсы көреді, Әлпештеген аялаған,
Жүрегімде сақтаған. Күндей күліп келеді. Ақ сүт берген апатайым.
Анашым деп мақтанам, Көп ертегі біледі, Сәлем жазып бүгін саған,
Айналайын ақ мамам. Маған айтып береді. Мейрамынмен құтықтайм
Мирасбек Карина Айғаным
Менің әжем мейірбан, Шашымды өріп тараған, Аппақ мамам, ақ мамам,
Мені жақсы көреді. Қабағыма қараған. «Ақ мамам!»деп шаттанам
Қажетіне жарасам, Үлкен кіші демейді, Түн ұйқынды төрт бөліп,
Жас балаша күледі. Сыйлайды оны бар адам. «Бөпешім!»деп жатпаған.
Жүргізуші: Балалар қар еріп, құстар ән салып, алғашқы гүлдер шығуда. Адамдарға қуаныш сыйлайтын сиқыршы көктем. Олай болса мерекеге көктемді шақырайық.
Музыка әуенімен залға Кикимора келеді.
Кикимора:-Сендер мені шақырдыңдар ма? Сендер нені тойлап жатырсыңдар? Неге сендер сондай әдемісіндер? Мен ғана әдемі болу керекпін! Қазір мен сендерді сиқырлап тастаймын?
Жүрізуші: Кикимора ханым, ашуланбаныз! Біздің балалар сізді сәндейді, әдемі қылады.Біздің мейрамымызға қалып қатысыңыз!
Кикимора келіседі: Жарайды!
Жүргізуші: Олай болса нағыз Көктемді ортаға шақырайық!
Музака әуенмен Көктем келеді.
Көктем: Дала гүлге бөленеді.
Қуанышқа кенеледі.
Орман, торғай, бақтарда
Өйткені мен көктеммін
Құстар сайрай жөнеледі.
Шұғыламды төккенмін.
Барлықтарыңызды мерекелеріңізбен құттықтаймын. Денсаулық, қуаныш, сұлулық тілеймін.
Би: Балалар көктеммен бірге билейді.
Ән: «Көктем»
Би: «Қуыршақтармен»
Ойын: «Құрбыма гүл сыйлау»
Балалардың тақпақтары:
Ясмина Диляра Ажар
Жарқын жүзді жан анам, Сенен өскен балалар, Теңдесі жоқ данасың,
Сендей болсын бар адам. Батырлар мен даналар. Арқа сүйер панасың.
Сендей болса бар адам, Құттықтаймыз мейраммен, Еңбегінді ақтаймын,
Шаттық кетпес баладан. Құрметті аналар. Аман болшы анашым.
Альтаир
Ақ анашым, аппағым,
Өзің жайлы тақпағым.
Өзің жайлы әнім де,
Арнадым саған бәрін де.
Жүргізуші: Ән салындар, күліндер!
Жайнап гүлдей жүріндер!
Аналар мерекесін тойлайық,
Би билейік, ән салайық!
Ән: «Анашым»
Көктем: Балалар, сендер сәнденгенді жақсы көресіндер ме? Ал біздің аналарымыз ше? Балалар сендер аналарынның әдемі болғандарын қалайсыңдар ма?
Ойын: «Аналарымызды сәндейік»
Би: « Хафанана»
Жүргізуші: Әсем әуен салдырған,
Сәбилер де алғыр жан.
Бал дәуренің қызығын,
Есте қалар балдырған!
Ән: «Бөбектер әні»
Жүргізуші: Балалар, сендердің аналарын үйлерінде торт пісіре ме? Біз бүгін аналарға сол тортқа қосатың жұмыртқаларды дайындап берейік.
Ойын: « Жұмырқаларды жарып алма!»
Жүргізуші: Жадырап сәуле бейне күн дидары.
Бұлбұлдай дауысыңмен ән силашы,
Күй тартып, би де биле, өлең оқы
Аруға қай өнер де жарасады
Би: «Шығыс биі» Айғанымның орындауында
Жүргізуші: Көктем ханым сізге біздің мерекеміз ұнады ма?
Би билеп ән мен күйде аяқталды
Көктеммен қоштасатың
Уақытта біраз жерге таяп қалды
Көктем: Құрметті қонақтар!
Айналайын, балалар!
Ардақты әжелер мен аналар!
Мерекеміз бүгінгі,
Естен кетпес күн болды,
Аман саулық тілеп бәрімізге,
Бақыт тілеп бірімізге!
Көктем, Кикимора қоштасып кетеді.
Жүргізуші: Міне, алдарыңызда сіздердің балаларыңыз, еліміздің болашағы, біздің шәкірттеріміз бар өнерін көрсетті..
Құрметті жиналған қауым бәріміз ана деген асыл жаннан жаралған бір тұлғамыз. Сол аналарымызға ұзақ өмір, талмас қанат, таусылмас бақыт тілей отырып, бүгіңгі мерекемізді аяқтайық.
КМҚК «Дәншік» балабақшасы
8 наурызға арналған мерекелік іс-шара
«Ботақан» тобы
Тақырыбы: «Шуағын шашқан-аялы алақан!»
Тәрбиешілер: