Менің қолымнан бәрі келеді

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3

жаттығу: «Сиқырлы қобдиша»
- Бүгін, балалар мен сендерге сиқырлы қобдиша әкелдім. Оның ішінен сендер өте мейірімді, өте ақылды, өте әдепті, қайырымды, жанашыр, үнемі жақсылық жасайтын адамның сүретін көресіңдер. Яғни, оның бойында барлық жақсы қасиеттер бар. Сендер оған «Менің бойымда да жақсы қасиеттер бар, мен ешқашан мойымаймын, менің қолымнан бәрі келеді» деп айтуларың керек. Көргілерің келе ме? Қазір кезек-кезек көреміз. Бірақ қобдишаның ішінен кімді көргенімізді бір-бірімізге айтпаймыз. (Мұғалім ішіне айна салынған қобдишаны балаларға кезегімен көрсетіп шығады).
Сендерге қобдишадағы адам ұнады ма?
Оған берген уәделеріңе тұрасыңдар ма?
Қорыту: - балалар, біз өзімізді қалай жақсы көрсек басқа адамдарды да осылай жақсы көруіміз керек. Әр адам туылғанда ішкі жан дүниесі, жүрегі таза, жарқын болады. Яғни, барлығымыздың бойымызда жақсы қасиеттер міндетті түрде бар. Сол қасиеттерді жоғалтпай сақтауымыз керек.
Рефлексия
Тренингті қорытындылау.
Барлық қатысушы ортаға шығып, щеңбер бойымен мына сөзді хормен айтады.
Бар ғажайып – мен!
Бәрі маған байланысты,
Бәрі менің қолымда!




Страницы: <<  <  1 | 2 | 3
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: