ймін» ойыны
Мақсаты: зейіннің тұрақтылығын дамыту.
Балалар шеңбер құрып отырады. Жүргізуші шындықты айтқан кезде ғана балалар екі қолын бірге көтереді. Егер бала жаңылысып, қолын көтерсе, онда оған ескерту карточкасы беріледі. Бір ескерту алмаған бала «Ең зейінді бала» болып есептеледі. Айтылған құс, жануарлар туралы балалардың білетіндерін тексеру, қосымша қысқа мәлімет беру, қимылын жасату.
Ойынымызды бастайық.
- Піл ұшу біледі; Піл қандай болады? Құлағы, мұрны, аяқтары туралы білгендерін айту. Пілдің жүрісін салу.
j
Ø
摧Q
ᜀ- Аққу суда жүзді; Аққу қандай болады? Әдемі, мойыны ұзын болады. Енді бәріміз мойынымызды алға созайық.
- Құстар апанда ұйықтайды; Құста неше аяқ болады? Ал екі құста неше аяқ болады? Олар қалай дыбыстайды? (дыбыстау). Олар қалай ұшады? (ұщуды көрсету).
- Қоян қасқырдан қорқады; Қоян қасқырдан қорыққанда қалай дірілдейді? Қасқырдан қалай қашады? (Жүрісін салу). Ал қасқыр қандай болады? (Суық, қорқынышты). Қасқыр қалай ұлиды? (У-у-у-у).
- Балықтар құрлықта өмір сүреді; Балықтар қандай болады? (көрсету, қолдарын екі жаққа созып көрсетеді). Балықты пісірерде табаға саламыз, сол кезде қандай дыбыс шығады? (Ш-ш-ш-ш).
- Аю балды жақсы көреді; Аюдың жүрісін салу. Аюды аралар шаға бастады, ол аралардан қалай құтылады? Кәне, қолымызбен араны қақпайлайық. Аюға көмектесейік.
- Түлкі мектепке барады; Түлкі қандай аң? (Қу, өтірікші). Түлкінің жүрісі қандай? (жүрісін салу).
ІІІ жаттығу: «Менің – қабілетім, еңбегім»
Оқушылардың қолына әртүрлі ермексаз, түрлі түсті қағаздар, бояу, жұмсақ маталар т. б. қолдан жасайтын құралдар беріледі. Әр оқушы өзінің қолынан не келетінін, не істей алатынын көрсету керек. Оқушылардың жұмыстарынан көрме жасап, олардың жұмыстарына талдау жасап, мадақтау.
ІV
Страницы: << < 1 | 2 | 3 > >>