Шөптікөл жалпы орта білім беретін мектеп-балабақшасы
ДМШ балаларға арналған тренинг
Әлеуметтік педагог А. Кадырова
2015-2016 о. ж.
Менің қолымнан бәрі де келеді
(мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған тренинг)
Тренинг мақсаты: мүмкіндігі шектеулі оқушылардың бойларындағы қабілетін аша білу, бір-бірімен жақсы қарым-қатынаста болуын қалыптастыру. Жан – жақтылыққа үйретіп, өздігінен еңбектенуге үйрету.
Мұғалімнің сөзі: Қайырлы күн, құрметті оқушылар! Көңіл күйлеріңіз қалай? Шаршап отырған жоқсыздар ма? Олай болса, бәріміз бір-бірімізбен танысайық.
Шеңбер құрып тұрып, қолдарымыздан ұстайық. Менің есімім . . . . . . . . . . . . . . . . , ал сенің ше? Осылай жалғасады. Қолдарынан ұстап, шеңберді айналып, «Дос болайық бәріміз» әнінің қайырмасын айтады. Музыка жіберіледі.
Енді барлық достар бірігіп түрлі ойындар ойнайық. – Қалай, ойнағыларың келе ме?
І жаттығу: «Джунглидегі жаңбыр»
Мақсаты: иық, мойын, омыртқа аймақтарындағы бұлшық еттің жиырылуын жою, босаңсу, шаршағанды басу.
Уақыты: 10 минут.
Нұсқау: Тар шеңбер құрамыз. Джунгли ну орманындамыз деп ойлаймыз. Ауа райы бастапқыда өте керемет болады. Күн көтерілгенде өте ыстық, ауа қапырық болады. (Қолымен терілерін сүртіп, желдетеді).
Бір мезетте жеңіл самал жел соқты. Алдыңызда тұрған адамның арқасына қолыңызбен жеңіл қимылдар жасаңыз. Жел күшейе түсті (арқаға батырыңқырайтын қимылдар жасалады). Құйын басталды (күшті айналыс қозғалыстарын жасаңдар). Содан кейін жай жаңбыр сіркірейді (көршіңнің арқасын саусақтарыңмен түртесіңдер). Нөсер жауын басталды (жоғары, төмен алақан, саусақтармен сипайсың). Бұршақ аралас жауын жауа бастады (барлық саусақтарыңызбен түртесіз). Содан кейін қайтадан нөсер жауын, жай жаңбыр, одан кейін күн ашылады.
ІІ жаттығу: «Сенемін-сенбе
Страницы: 1 | 2 | 3 > >>