Менің елім - Қазақстан

Страницы: <<  <  3 | 4 | 5

r/>
9-оқушы: Алихан
Қиялы ұшқыр , ойлы адам.
Әлемге болған аты аңыз.
Ұрпақтың қамын ойлаған,
Аман-сау жүрші , Атамыз.
Хор "Көк тудың желбірегені"
1. Көк тудың желбірегені -
Қазақтың асқақ беделі.
Махаббат, қайрат екеулеп,
Шымырлатқаны денені.

Қайырмасы:
Көк тудың желбірегені -
Жаныма қуат береді.
Таласқа түссе жан мен ту
Жан емес,маған керегі-
Көктудың желбірегені.

2. Көк тудың желбірегені-
Елдіктің асқақ өлеңі,
Жан жаққа тартпай, Қазағым,
Бір сөзге жинал дегені.

Қайырмасы:
Көк тудың желбірегені -
Жаныма қуат береді.
Таласқа түссе жан мен ту
Жан емес,маған керегі-
Көктудың желбірегені.

3. Көк тудың желбірегені -
Бақыттың елжірегені,
Қиырда қалған Қазақтың
Көзінің мөлдірегені.

Қайырмасы:
Көк тудың желбірегені -
Жаныма қуат береді.
Таласқа түссе жан мен ту
Жан емес,маған керегі-
Көктудың желбірегені.

1-жүргізуші:
Құрметті көрермен қауым, еліміз тыныш, жұртымыз аман, көңілдеріңіз көтеріңкі болсын деген игі тілектер жолдай отырып біз өздеріңізбен қоштасамыз.

2-жүргізуші:
Әрқашан да Тәуелсіз Қазақстанның таңы нұрлы болып, егемен елдің ұрпағының еңсесі биік болсын! Келесі кездескенше, қош сау болыңыздар!






Страницы: <<  <  3 | 4 | 5
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: