Менің елім - Қазақстан

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4 | 5  >  >>

оқсан желі дауылға айналды. Өрттей қаулаған жастар ұлттық намыс құдіретін әлемге паш етті.
2-жүргізуші
-Туған елдің азаматтығы мен тәуелсіздігі жолында Қайрат Рұсқылбеков , Ләззат Асанова, Ербол Спатаев сияқты көптеген қазақ жастары желтоқсан оқиғасы кезінде қайсарлықпен ерлік көрсетіп,құрбан болды.
Видео ролик "Желтоқсан құрбандары", "Көңіл толқыны" орындалып тұрады.

1-оқушы:
Ерлерді ұмытса да ел, сел ұмытпас,
Ерлерді ұмытса да ел , жел ұмытпас,
Ел үшін жанын қиып, жауды қуған
Ерлерді ұмытса да ел, бел ұмытпас.

2-оқушы:
Ел үшін төккен ерлер қанын жұтып,
Ерлерді ұмытса да ел, жер ұмытпас.
Арқаның селі, желі, шөлі, белі, -
Ерлерді ұмытпаса ел ұмытпас.

3-оқушы:
Құрбандарым, жазықсыз құрбандарым,
Бет бағдарын бақиға бұрғандарым,
Қаралы жылдардай боп қарауытып,
Халқымның мәңгі есінде тұрғандарым!


4-оқушы:
Құрбандарым, жазықсыз құрбандарым,
Кеудемдегі қоламта қоздатқаным
Тұншықса да түрмеде тозбапты әнім.
Жазықсыз жапа шегіп бұл жалғаннан,
Жалтақтап кете барған боздақтарым.

5-оқушы:
Еліңнің сен намысы үшін
Құрбан еттің жаныңды.
Мазақ етіп қорлай алмас,
Ешкім сенің арыңды.

1-жүргізуші: "Қазақстан" видеоролик ойнап тұрады
Сол желтоқсан оқиғасы қанша ызғарлы естілсе де, жанымызға нұр септі. 1991 жылы 16 желтоқсанда егемендік алып,әлем таныды ғой ,елімізді!
2-жүргізуші:
Міне ,"Егемендік" деген осы. Енді міне желбіреген көкбайрағымыз, айбынды әнұранымыз, жарқыраған Елтаңбамыз төрімізде ілулі тұр. Елімізді әділ басқарып келе жатқан Елбасымыз бар.

1-жүргізуші:
1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан тәуелсіз республика болып жарияланды. Ал 1991 жылы

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4 | 5  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: