Менің елім - Қазақстан

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>

КММ "75 мектеп-гимназия"







Бүгінгі Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына арналған "Менің елім , Қазақстан"
атты мерекелік шара
(бастауыш сынып оқушыларымен)




Өткізген: Алтынбекова М. К.





Астана-2016
Фанфарлар орындалады. Жүргізушілер ортаға шығады.
1-жүргізуші:
Қазақстан - сан ғасырлық тарихы бар,
Қазақстан-бұл азат ел танысыңдар.
Көк байрағы , елтаңба, әнұраны,
Қазақ елі егеменді , сан ұлты бар.

2- жүргізуші:
Туған жерде толамыз,
Ертең жігіт боламыз.
Отан ортақ үйіміз,
Көңілді ән мен күйіміз.

1-жүргізуші:
- Армысыздар , құрметті оқушылар, ұстаздар, қадірменді көрермендер! Мемлекетіміздің өсіп-өніп, шыңға жетіп өркендеуі - біздің жетістігіміз. Бүгінгі Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына арналған "Менің елім , Қазақстан" атты мерекелік шарамызға қош келдіңіздер!

2-жүргізуші:
- Еліміздің егемендігіне ең алғаш қадам жасаған Желтоқсан оқиғасына 25 жыл толыпты. Бүгінгі жарқын өміріміз сол ызғарлы күндердің жеңісті жемісі іспетті. Тәуелсіздігіміз баянды болсын!

Әнұран орындалады.
/"Туған жер" /көрініс
/ата мен немере/
Көрініс. (Музыка ойнап, аяғын ақырын басып Ата шығады. Орындыққа келіп, демалып отырады. Осы кезде жүгіріп немересі шығады).
Немересі: Ата, не ойлап отырсыз?
Атасы: Ә, балам, атаң не ойламайды дейсін! Сенің болашағыңды ойлаймын. Еліміздің болашағы жайлы, өткен өмір жайлы ойлаймын.
Немересі: Ата, "өткен өмір" деген не?
Атасы: Ә, балам, "өткен өмір" деген сонау ежелгі бабаларымыздан бергі өткен өмір жолы, бұл тарих емес пе?
Немересі: Ол қандай болған?
Атасы: Ендеше тың

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: