кті өмірде қолданылатын таныс сөздердің мағынасын түсінеді. Қимыл-қозғалыс, сұрақ қою, қысқа жауап арқылы өз түсінігін білдіреді. Мәтіндегі таныс сөздердің мағынасын түсінеді. Мұғалім көмегімен оқушылар сөз тіркесін және қысқа сөйлем құрастыруға үйренеді. Сабақтың басы оқушылардың сабаққа дайындығын тексерумен, сабақтың басталуына жағымды ықпал ететін көңіл күй қалыптастырумен және сабақ мақсатын таныстырумен "Шаттық шеңберінен" басталады. Сабақтың ортасы 1тапсырмада берілген сөйлеу үлгісіне назар аудару. Оқушылар берілген аудио сөйлеу үлгісі арқылы Нұрбектің достары туралы ақпарат алады: олардың аты, олардың не істейтіні туралы. Оқушылар Нұрбектің сөзінен Әсеттің сурет салатынын, Юраның футбол ойнайтынын, ал Арманның велосипед тебетінін біледі. Мұнда оқушылардың назарын "дос" сөзінің көпше түрде (тәуелдік жалғауының 1 жағында) қолданылуына аудару. Салыстырмалы түрде грамматиканы түсіндіру. Мысалы: "Мен сурет саламын", "Ол сурет салады". 2тапсырмада оқушыларға кесте бойынша етістіктердің 1жағында қолданылуын түсіндіру. Оқушылардың назарын велосипед тебеді деген тіркесті "велосипед" сөзін "коньки, шаңғы" сөздерімен алмастырып қолдануға болатынына аудару. "Есте сақта!" айдары бойынша оқушыларды болымды/болымсыз етістіктермен таныстыру. 3тапсырмада тақтаға екі белгі ілінеді (Х, V) суреттерді оқушыларға тарату. Әр оқушы өзінің досы туралы не істейтінін/не істемейтінін айтады. Қалған оқушылар "Бағдаршам" әдісі арқылы бағалайды. 4тапсырмада оқушылар Нұрбектің достары туралы мәтінді тыңдату. Осы мәтін негізінде өз достары туралы (не істейтіндерін) айту және "Стоп-Кадр" әдісі бойынша суреттерді қолдану арқылы сөз тіркесін, қысқа сөйлем құрастыру. Сергіту сәті өткізілген кезде "АБС&quo
Страницы: << < 1 | 2 | 3 | 4 > >>