Мен мүшел жастамын

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>

Орыс мектептерінің қазақ тілі пәні бойынша олимпиада материалдары

Мазмұндама
I тур
10- сынып


Әке мен бала

Бір адам он жасар баласын ертіп, егіннен жаяу қайып келе жатады. Жолда жатқан бір ескі тағаның сынығын көріп, әкесі баласына:
-Балам, ана тағаны ала жүр,- дейді.
Сонда баласы әкесіне:
-Сынып қалған ескі тағаны алып не қыламыз,-депті.
Әкесі еш нәрсе айтпай, тағаны алыпты да, жүре беріпті.
Қаланың шетінде темірші ұстаға тағаны үш тиынға сатыпты.
Ол ақшасына шие сатып алып, орамалына түйіп, өзі шетінен
бір-бірлеп алып жеп, баласына қарамай жүре беріпті. Біраз жүргеннен кейін әкесінің қолынан бір шие жерге түсіп кетеді. Әкесінің соңында шиеге қызығып келе жатқын бала шиені дереу жерден алып, аузына салады. Шамалы жүргеннен кейін әкесі тағы бір шиені тастайды, бала тағы алып жейді. Тағы тастайды, тағы алып жейді. Сонда әкесі баласын тоқтатып тұрып былай депті:
Көрдің бе, балам, бағана тағаны жамансынып, жерден бір ғана
еңкейіп алуға ерініп едің, енді сол ескі тағаның ақшасына алған шиенің жерге түскенің теремін деп бір еңкеюдің орнына үш еңкейдің. Мұнан былай есіңде болсын: аз жұмысты қиынсынсаң, көп жұмысқа тап боларсың, азға қанағат еспесең, көптен құр қаларсың,- депті.
(Ы. Алтынсарин)
















10- сынып
І тур
Тест сұрақтары



1. Ашық буынды сөзді табыңыз.
А) Қаз.
Б) Кітап.
В) Сақ.
Г) Әдебиет.
Д) Дала.
2. Жұрнақ арқылы жасалған туынды сөзді табыңыз.
А) Зейнетін.
Б) Зейнетпен.
В) Зейнеткер.
Г) Зейнеті.
Д) Зейнет.
3. Тек тұрлаусыз мүшелерді анықтаңыз.
А) Баяндауыш, анықтауыш.
Б) Анықтауыш, толықтауыш. <

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: