Мен мүшел жастамын

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4 | 5  >  >>

ыда не қатты?
- Тас қатты
Бұл баланың жауабын тыңдап тұрған екінші бала: "Осы сұрақтарыңызға мен жауап беріп көрейін , рұқсат етсеңіз", - деп өтінеді.
- Ал айта ғой, балам, не тәтті? - дейді Жиренше шешен.
- Ананың сүті, - деп жауап беріпті бала.
- Не жұмсақ?
- Ананың қолы!
- Ал енді не қатты?- деп сұрағанда
- Атаның жүрегі, - деген екен.
Шешен екінші баланың жауабына риза болып батасын беріпті.
( "Ел аузынан" кітабынан)


2. Отбасыңыз туралы әңгімелеңіз. Тәрбие туралы қандай мақал- мәтелдер білесіз?

3. Асты сызылған сөздерге морфологиялық таладау жасаңыз.

4. Өзіңізге ұнайтын өлеңді немесе прозалық шығармадан үзіндіні мәнерлеп айтып беріңіз.

5. "Менің Отаным - Қазақстан" тақырыбына диалог құрастырыңыз.







10 - сынып
ІІ тур
2-тапсырма


1. Мәтінді оқып, ат қойыңыз. Жоспар құрастырып, әңгімелеңіз. Мәтінде адамның қандай қасиеттері байқалады? Мәтін бойынша сұрақ дайындаңыз.

Жаздың бір әдемі күнінде таңертең бір бақшашы баласымен бақшаға барып, жеміс ағаштарын көріп жүрді. Баласы әкесінен:
-Әке, мынау ағаш неге түзу, ал анау ағаш неге қисық?-деп сұрады.
-Оның себебі, балам, анау ағашты күткен, суарған, қисық бұтақтарын кескен. Сондықтан ол ағаш түп-түзу болып, жақсы өскен.
-Олай болса, күтуде де көп мағына бар екен ғой, әке,- депті баласы.
-Бағу, тәрбиелеуде де көп мағына бар, мұнан көп ғибрат алу керек. Сен де осы ағаш сияқтысың. Сенің қате істеріңді түзеп, жақсы ақыл айтып отырсам, ақылды, жақсы бала болып өсесің. Ал тыңдамай, өз бетіңмен кетсең, ана ағаш сияқты қисық, жаман болып өсесің,- депті әкесі.
(Ы. Алтынсарин).


2. Досыңыз туралы әңг

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4 | 5  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: