"Қызылорда ОІІД ЕБҚКБ
тарапынан жарияланған сайысқа"
Мен өмірді қалаймын
Есірткі. . . Осы бір ғана сөз қаншама тағдырдың балтасына айналды. Жиырма бірінші ғасыр-технологиялар ғасыры,жаңашылық ғасыры дегенімізбен де,кері тұстарын да көріп жүрміз. Əрине,барлығына бірдей топырақ шашу дұрыс емес,бірақ сонда да есірткінің ізінен кеткен көптің бірін көргенде жүрегің езіледі. Неліктен бұлай болды? Неліктен бұл адам өмірін бір есірткіге айыр бастады?Əлде араласатын ортасы сондай ма екен? Енді əрі қарай өмірі не болмақ? Осындай сан мыңдаған сұрақтар əрқайсымызды мазалайды. Жалпы адам əр басқан қадамын ойланып басу керек. Əсіресе,есірткінің зияннан басқа əкелер түгі жоқ. Ең бірінші,ол адамның денсаулығы мен келешегіне зардап тигізуде,екіншіден, сол адамның отбасының, туыс-тумаларының жанын ауыртуда. Расымен,баласы үшін ең бірінші уайымдайтын осы кісілер ғой. Ал үшіншіден,өзінен кейінгі жастарға да бұрыс мысал келтіруде. Себебі,қазір жастар еліктегіш келетіні бəрімізге мəлім. Сол себепті, бұндай істердің соңы ешқашан да жақсылықпен аяқталмайды.
Осы тұста менің бір байқағаным,есірткіні қолданатын - жастар. Бұл не деген сөз?Яғни, отбасында дұрыс көңіл аударылмай қалған бала болуы мүмкін немесе араласатын достары нашар болуы мүмкін. Бір өкініштісі,отбасында жақсы тəрбие алған балалар да есірткіге əуестеніп кетеді. Біз əлі жаспыз, қызуқандымыз,бойымызда күш-қуат тасып тұр. Сондықтан, бүкіл жасөспірімдер мен жастардан өтіне сұрауым,өзіміздің энергиямызды дұрыс бағытта жұмсайық. Кітап оқиық,тілдер үйренейік,өнермен айналысайық, жан-жағымызға көзімізді ашып қарайық,дұрыс пен бұрысты,ақ пен қараны ажырата білейік. Өзіміздің ең қызықты, балғын жастық шағымызды өкінбестей өткізейік.
Енді келесі мəселе, ауызбен айту бəрімізге оңай, бірақ е
Страницы: 1 | 2 | 3 > >>