сірткіге тəуелді болып қалған жастарға не істейміз? Олардан қорықпай, қоғамнан шеттетпей, жан-жағынан қолдау көрсете білуіміз керек. Өйткені, олардың өзіне психологиялық жағынан өте қиын. Мүмкін, олардың арасында есірткінің дəмін байқамай татып та қойғандары бар шығар. Сондықтан, жағдайдың анық-қанығына көз жеткізбей тұрып, оларға ұрыса бермей, бірден арнайы орындарға жатқызып емдеу керек жəне оларды психологқа апару керек деп ойлаймын. Меніңше, осы кезде біздің қаншалықты дамыған өркениетті ел екенімізді дәлелдейміз.
Бірақ, əрине, нашақорлықтың мүлде болмағаны жақсы. Ол үшін жастарға көп көңіл аударылуы қажет. "Келесі жылды жастар жылы деп жариялап, іс-шаралар өткізу керек, оған біздің тәжірибеміз бар. Жастарымызды, Қазақстанның болашағын әр салада қолдауымыз керек" -деген болатын Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өз Жолдауында. Демек Елбасы жастарға зор сенім артып отыр, тәуелсіз еліміздің болашағы - жастар. Сондықтан жастарымыз қоғамдық жұмыстарға көп тартылып, мәдени-көпшілік шаралар ұйымдастыруда белсенділік таныту қажет. Зиянды заттарға əуестенетіндей жастардың уақыты да болмауы қажет. Ол үшін түрлі акциялар, зияткерлік ойын-сауықтар мен іс-шаралар көп ұйымдастырылуы қажет. Мысалы, соғыс ардагерлеріне көмек көрсету, немесе "Күніне бір жақсы іс " акциясы, буккросинг іс-шаралары жəне тағы басқалар. Сол кезде біздің ішкі жан дүниеміз де гүлдене бастайды, айналамызға да септігіміз тиеді жəне жаманшылықтардан аулақ жүреміз. Мен осы үндеуім арқылы тым болмаса бір адамға пайдам тисе деймін. Қымбатты достар! Өз еліміздің болашағына өз үлесімізді қосайық!
Өсейік. Ойланайық. Гүлденейік. Жаман әдеттерден аулақ болайық! Барлығы өз қолымызда.
Сахитжанова Дана
273 орта мектебінің
9 "Ә" сынып оқушысы
Страницы: << < 1 | 2 | 3 > >>