Қызылорда ОІІД ЕБҚКБ тарапынан
жарияланған сайысқа
Мен өмірді қалаймын
. . . Эх, бұл қапастан шықсам екен. Аурухананың төбемнен төңген қабырғаларын қашан бұзып шығар екенмін. Терезенің ар жағындағы қызу тіршілікке қашан қосылыр екенмін? САБЫР. Сабырлық сақтау керек. Аз ғана шыдасам болды бұдан да құтыламын.
Бүгін кешегі күн қайталануда. Мен төсекте таңылып жатырмын. Арғы жақтан дәрігердің даусы естіледі. Міне ол бөлмеге кіріп келді. Қолында мен туралы мәлімет. Атым Алан,жасым 18 де. Бұл орталықта жатқаныма 1 ай болды. Есірткінің арбауына түсіп өміріммен қош айтыса жаздадым. Әдеттегідей бір уыс дәрі-дәрмек. Дәмі уданда сорақы. Оны ішіп алып, ойланып жатырмын.
Мен осында түскелі осы бір күнделікті жүргізе бастадым. Ата-анамның ерке де жалғыз ұлымын. Әке-шешем бар тәттіні аузыма тосады. Қалағанымды алып береді. Олар- жұмыс басты кісілер. Маған онша көңіл бөле бермейді. Содан болар мен өз білгеніммен жүріп, қалаған нәрсемді істедім. Ата-анама өтірік айта бастадым. Бүкіл ақшамды мені азғырған аждаһаларға жұмсадым. Басында жеңіл түрін қабылдап, кейін тәуелді болып қалдым. Ал қазір олардың түріне де қарағым келмейді. Мені өлімнен арашалап қалған досым Жолдасқа шексіз ризамын. Жаман әдетке үйір болғаныма қарамастан, менен күдерін үзбей, адасқанда тығырықтан жол табуыма себепші болды. Менің жағдайымның нашарлап бара жатқанын көріп, дер кезінде ата-анама ескертіпті. Олар өз кезегінде мені емдеу орталығына алып келді. Қазір менің ойым мүлдем басқа жақта. Орталықтағы психолог мамандардың, қарапайым мейірбикелердің арқасында алдыма мақсат қойдым. Құдай қалап осы бір емдеу орталығынан шықсам, оқуымды жалғастырып, білікті маман болғым келеді. Өз қолыммен анамның жүзіндегі мен үшін төгілген жасты сүрткім келеді. Олардың мен үшін ұялғандарын енді
Страницы: 1 | 2 > >>