Мақсаты: -- Оқушылардың қоршаған ортамен қарым-қатынасын жақсарту;
-Оқушының өз ойын еркін айтуға үйрету;
-Оқушының достарына деген көзқарасын анықтау;
-Жеке тұлға аралық қарым-қатынастың мүмкіндігін және дағдыларын қалыптастыру;
-Өз қылықтарын және өзгенің де талдай білу мүмкіншілігін дамыту;
Сабақтың құрылымы:
1. Қуаныш шеңбері.
2. Менің жағымды , жағымсыз қасиеттерім.
3. - "ДОС" деген ұғымды қалай түсінесің?
-Достар қандай болу керек?
-Қалай ойлайсың, сенің досың бар ма?
-Сен нағыз дос бола аласың ба?
4. "100 тенгең болғанша,100 досың болсын" деген мақалды қалай түсінесің?
5. "Жақсы дос" ойыны
6. Дос туралы бейнефильм
7. Жүректен жүрекке. . .
8. Қорытынды.
Көрнекілік: қалам, А4 беті, ватман, түрлі-түсті маркер, сазды әуендер
Қатысушылар: орта буын, жоғары буын
Өткізу әдісі: дөңгелек үстел
Сәлеметсіндерме, құрметті оқушылар! Сендерді "Қуаныш шеңберін" құруға шақырамын. Шеңбер бойымен жұмсақ жүректі бір-бірімізге бере отырып,көршілеріңізбен амандасып, тілек айтуларыңды сұраймын. . .
Тілектеріңе көп рахмет. Жақсы көңілмен сабағымызды бастайық.
Бүгінгі біздің тақырыбымыз "Мен және менің достарым".
Ең алдымен әр қатысушы өзіне сай, бір жақсы әдемі сөз айтады, мыс: ( әдемі, суйікті, нәзік т. с. с) . Содан кейін, " Менің жағымды, жағымсыз қасиеттерім" жаттығуы бойынша, өзінің бойындағы жағымды , жағымсыз қасиеттерін айтып шығады. Әр оқушыға 3 мин. беріледі.
Бұл жаттығуда оқушының өзін-өзі бағалау деңгейін анықтауға болады. Өз ойын толық жеткізуге үйретеді.
Келесі жаттығуда, төмендегі қ
Страницы: 1 | 2 | 3 > >>