нуттары: Тірек сөз.
Тәуелсіздік, қуаныш, жайна, күн, халық.
Талдау: Өлең шығару қиын болды ма? Өлең шығарарда қандай сезімде болдыңдар?
Егер ақын болсаңдар өлеңдерді қандай тақырыпқа арнайтын едіңдер?
8. Релаксация: «Гүлдер». (әуен ойнап тұрады )
Жайлап тұрамыз. 2-3 рет демімізді шығарамыз. Терең тыныс аламыз. Балалар біз бәріміз енді өсіп келе жатқан гүлдерміз. Бірақ жай гүл емес әрбірің шығармашылыққа, дарындылыққа, таланттылыққа тұла бойы тұнып тұрған гүлміз деп елестетіңіздер. Бетімізге самал жел лебі еседі. Кенеттен баяу жел соғады, гүлдер желмен жан-жаққа шайқалады. (қолдарын жан-жаққа шайқайды).
Бір мезгілде аспанға бұлт төніп, жаңбыр жауа бастайды. Гүлдер тоңып, бүрісіп, жабылады. (қолдарын тізе үстіне қойып бүрісіп отырады). Бір уақытта күннің көзі күлімдеп, жайнап шығады, сол уақытта гүлдер де құлпырып, жайнап ашыла бастайды. Гүлдің түрі, түсі, аты. Күн шықты? Гүлдер жайлап ашылып өсіп келеді. (қолдарын созады). « Мен бақытты боламын » дейді.
Талдау: Сіз елестеткен гүл қандай? Аты қалай аталады ? Ол гүл біреу ме?
9. Жарайсың! Жаттығуы.
Балалар шеңбер бойына тұрып, оң жағына қарап, сенің қандай жетістігің бар дейді. Ол бала жетістігін айтады. Жарайсың . . . деп қолынан жоғары көтереді. Екінші бала . . . ары қарай жалғастыра береді.
10. Ипульс өткізу.
Балалар шеңберде тұрып бір-бірінің қолын көтеріп, алақандарын түйістіріп хормен мына сөзді қайталайды. (3рет)
Нұсқау: Біз бір-бірімізбен қарым-қатынаста болғанымызға қуаныштымыз. Орта бізге ыңғайлы.
Қорытынды.
Страницы: << < 1 | 2 | 3