Мен елімнің ертенімін

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>

« Мен елімнің ертеңімін » тренингі
Мақсаты: логикалық тапсырмалар арқылы оқушылардың шығармашылық
қабілетін дамыту.
Білімділік: өскелең ұрпақтың психикасының даму заңдылықтары туралы
білімдерін қалыптастыру.
Дамытушылық: коммуникативтік қабілеттерін дамыту, психикалық процестер
туралы түсініктер ( киял, ақыл, ойлау, ес, зейін, сана ) беру,
ой-өрісін кеңейту. Икемділік пен шеберлікке дамыту.
Тәрбиелік: балалардың моральдық, адамгершілік қасиеттерін дамыту.
Ереже:
1. Балаларға пайдалы нәрселерді беру;
2. Достарымен жақсы қарым-қатынаста болу;
3. Балаларды өздерін еркін ұстауға үйрету;
4. Өз ойларын ашық айта білуге үйрету.
5. Белсенділік таныту.
6. Көңілді болу.
Танысу жаттығу: Әркім өз есімдерінің алдына сын есім қойып
айтады. Хоббиіңізді айту.
2. «Көңіл – күй суреті » атты жаттығу
Қызыл гүл – керемет, сары гүл – жарқын

Балалар! Сіздер көктемнің жайма шуақ күнінде жайқалып өскен жауқазын сияқтысыңдар. Ендеше осы гүлдің сабағына әрқайсыларыңның аттарынды және жапыраққа өз көңіл – күйлеріңді жазып, мына жерге құмыраға саламыз.
Талдау: Балалар көңіл – күйлерің қандай?
Сендерде толқу, ұялу, қорқу сезімдері болды ма?
Жарайсыңдар, ендеше ары қарай жалғастырамыз.
3. «Дарындылық » мини лекция
Дарындылық дегеніміз шығармашылық қабілетін дамытып, жетілдіру, шыңдай түсу. Есте сақтау, ойлау, сөйлеу, қиялдау, бейнелеу, дарындылық, шығармашылық қабілет.
Мысалы: Балалар «Алты жасар Алпамыс» киносын бірге елестетіп көрейікші.
Кішкентай Алпамыс пен Қалихан бір ауылдың балалары, екеуі дос. Жасы жетіге келген Қалихан жаңа оқу жылы басталғанда мектепке барады, ал алты жастағы Алпамыс қалып қояды. Досының оқитынына қатты қызыққан оның бар арманымектепке

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: